Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 03.01.2019 № 33-2 шешімімен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 106, 109-1 - баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына және "2018-2020 жылдарға арналған Тарбағатай ауданының бюджеті туралы" Тарбағатай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 20-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Тарбағатай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 наурыздағы № 22-2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5774 нөмірімен тіркелді) сәйкес Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "2018-2020 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылдық округінің бюджеті туралы" Тарбағатай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 21-2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5415 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 24 қаңтарда жарияланған) мынандай өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. 2018-2020 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2018 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 39 668,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдері - 25 844,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 13 824,0 мың теңге;
2) шығындар – 39 668,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 0,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 0,0 мың теңге."
бірінші абзац келесі редакцияда жазылсын:
"2018 жылға арналған Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылдық округ бюджетіне аудандық бюджеттен – 1 312,0 мың теңге көлемінде нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін.";
аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын
2. Осы шешім 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, Тарбағатай аудандық мәслихатының хатшысы |
С. Жақаев |
2018 жылғы 10 сәуірдегә № 24-2 Тарбағатай аудандық мәслихат шешіміне 1-қосымша |
|
2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 21-2 Тарбағатай аудандық мәслихат шешіміне 1-қосымша |
2018 жылға арналған Ақсуат ауылдық округінің бюджеті
Санаты |
Сомасы | |||
Сыныбы | ||||
Кіші сыныбы | ||||
Атауы | ||||
1. КІРІСТЕР | 39 668,0 | |||
1 | Салық түсімдері | 25 844,0 | ||
01 | Табыс салығы | 13 084,0 | ||
2 | Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы | 13 084,0 | ||
04 | Меншікке салынатын салықтар | 12 760,0 | ||
1 | Мүлiкке салынатын салықтар | 389,0 | ||
3 | Жер салығы | 1 737,0 | ||
4 | Көлік құралдарына салынатын салық | 10 634,0 | ||
4 | Трансферттердің түсімі | 13 824,0 | ||
02 | Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер | 13 824,0 | ||
3 | Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер | 13 824,0 |
Функционалдық топ |
Сомасы | ||||
Кіші функция | |||||
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі | |||||
Бағдарлама | |||||
Атауы | |||||
II. ШЫҒЫНДАР | 39 668,0 | ||||
1 | Жалпы сипаттағы мемлекетік қызметтер | 36 668,0 | |||
1 | Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар | 36 668,0 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 36 668,0 | |||
001 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 36 468,0 | |||
022 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 200,0 | |||
7 | Тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық | 3 000,0 | |||
3 | Елді-мекендерді көркейту | 3 000,0 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 3 000,0 | |||
008 | Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру | 3 000,0 | |||
III. Таза бюджеттік кредит беру | 0 | ||||
Бюджеттік кредиттер | 0 | ||||
IV. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо | 0 | ||||
Қаржы активтерін сатып алу | 0 | ||||
V. Бюджет тапшылығы (профициті) | 0 | ||||
VI. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) | 0 |