Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 27.05.2019 № 201 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Қылмыстық-атқару кодексінің" 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9- бабы 7), 8) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-1) тармақшасына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Сабырбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Д. Оразбаев |
Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 265 қаулысына қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ | Ұйымның атауы | Жұмысшылар саны | Квота мөлшері (% ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан) | Жұмыс орындар саны, адамдар |
1 | Тарбағатай ауданы әкімдгінің шаруашылық есебіндегі "Ақсуат" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 100 | 4 | 4 |
2 | "Шыңғыс" жеке кәсіпкер | 30 | 4 | 2 |
3 | "Бота" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 100 | 4 | 4 |
4 | "Нұр Ақсуат" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 50 | 4 | 2 |