Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ырғызбай ауылдық округі әкімінің 13.11.2019 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2018 жылғы 09 қарашадағы № 638 ұсынысы негізінде, Ырғызбай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты Тарбағатай ауданы Ырғызбай ауылдық округінің "Алшын" шаруа қожалығының аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ырғызбай ауылдық округінің әкімі | Б. Боранжанов |