"Ұлан ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі № 131 "Ұлан ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Әдістемесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 142 қаулысын ҚР НҚА эталон банкісіне тіркеу үшін

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 142 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ұлан аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 25 сәуірде № 5-17-170 тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұлан ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі № 131 "Ұлан ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 5000 болып тіркелген және 2017 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық турде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысының міндетін атқарушы Г. Байгонусоваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлан ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
Д. Қажанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады