Алғабас ауылындағы Школьная, Центральная көшелеріне қайта атау беру туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бозанбай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 8 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ұлан аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 11 желтоқсанда № 5-17-207 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, ауыл тұрғындарының пікірі ескеріле отырып, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 15 маусымдағы отырысының қорытындысы негізінде Бозанбай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Ұлан ауданының Алғабас ауылындағы "Школьная" көшесіне "Сібе", "Центральная" көшесіне "Орталық", деп қайта атау берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі С. Бустақбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады