РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, ауыл тұрғындарының пікірі ескеріле отырып, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 15 маусымдағы отырысының қорытындысы негізінде, Бозанбай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Ұлан ауданының Бозанбай ауылындағы "Кирова" көшесіне "Тәуелсіздік", "Советская" көшесіне "Достық", "Чапаева" көшесіне "Таусамалы", "Чкалова" көшесіне "Жеңіс", "Матросова" көшесіне "Ақбел", "Сель-энерго" көшесіне "Алау", "Партизанская" көшесіне "Азаттық", "Кооперативная" көшесіне "Бірлік", "Новостройка" көшесіне "Көктау", "Студенческая" көшесіне "Болашақ", "Заречная" көшесіне "Жағалау", "Южная" көшесіне "Оңтүстік", "Восточная" көшесіне "Шығыс", "Короткая" көшесіне "Жалын", "Солнечная" көшесіне "Ақбауыр ", деп қайта атау берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | С. Бустақбаев |