"Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Үржар ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Үржар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 4 наурыздағы № 41-485/V шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 27-282/VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 3 мамырда № 5-18-154 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабы 5 тармағына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1."Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Үржар ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4456 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының нормативтық құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде және "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінің 2016 жылдың 7 сәуірінде жарияланған) Үржар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 4 наурыздағы № 41-485/V шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. Тышанбеков
      Үржар аудандық
мәслихатының хатшысы
К. Карашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады