РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үржар ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 28 наурыздағы № 77 "Үржар ауданы бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң және "Үржар ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн бағалау әдiстемесiн бекiту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4939 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 сәуірде "Уақыт тынысы" газетінде және 2017 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Үржар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Үржар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Үржар ауданы әкімі аппаратының басшысы Н.Қараталовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы |
Ә. Сарбаева |