Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің 16.11.2023 № 357 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27-баптарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министірі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Iшкi сауда ережесiн бекiту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11148 болып тіркелген) сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үржар ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Үржар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Үржар ауданы әкімдігінің интернет-желісінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | Ә. Сарбаева |
Үржар ауданының әкімдігінің 2018 жылғы "18" қазандағы № 528 қаулысына № 1 қосымша |
Үржар ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін белгіленген орындар
№ р/с | Ауыл атауы | Белгіленген орындар |
---|---|---|
1 | Науалы ауылы | Жол бойынан 5 метр арақашықтықта Рахметов және Усатов көшелерінің қиылысында |
Жол бойынан 5 метр арақашықтықта Рахметов көшесі № 3 үйдің алдында | ||
Жол бойынан 5 метр арақашықтықта Рахметов және Ақылжан көшелерінің қиылысында | ||
Жол бойынан 5 метр арақашықтықта Рахметов және Шәкәрім көшелерінің қиылысында | ||
Науалыдан - Елтай ауылы бағытындағы жол бойынан 5 метр арақашықтықта | ||
2 | Қабанбай ауылы | Д.Қонаев көшесі мен Қ.Чыбынтаева көшесінің қиылысындағы "Азамат" дәмханасының маңында |
3 | Қарақол ауылы | Азербаев көшесі, № 27 наубайхана мен "Жансая" дүкенінің ортасында |
4 | Алтыншоқы ауылы | Республикалық маңызы бар Таскескен-Бақты бағытындағы автокөлік жолының бойынан 20 метр арақашықтықта |
5 | Қарабұлақ ауылы | Мақаншы - Жалаңашкөл бағытындағы автокөлік жолының бойынан 15 метр арақашықтықта |
6 | Қарабұта ауылы | Абай көшесінің бойындағы "Бәйтерек" саябағының маңында |