Үржар ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 16 қарашадағы № 357 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 1 желтоқсанда № 170-18 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының  1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 27 бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен  бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Үржар ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. "Үржар ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы" Үржар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 528 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-18-178 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Абай облысы Үржар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Үржар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      А. Башимбаев

  Үржар ауданының әкімдігінің
2023 жылғы 16 қарашадағы
№ 357 қаулысына
қосымша

Үржар ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Стационарлық емес сауда объектілерінің нақты орналасу орны

Алатын алаңы (шаршы метр)
 
 
 

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл

Қызмет саласы

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1

Қарабулақ ауылдық округі, Қарабұлақ ауылы аялдамасының оң жағында

15,7

5

Азық-түлік өнімдерін сату

жоқ

2

Науалы ауылдық округі, Науалы ауылы, Рахметов көшесі, № 3 үйге қарама-қарсы

30

5

Азық-түлік өнімдерін сату

жоқ

3

Науалы ауылдық округі, Науалы ауылы, Рахметов көшесі, № 7 үйге қарама-қарсы

30

5

Азық-түлік өнімдерін сату

"Жандос" дүкені

4

Науалы ауылдық округі, Науалы ауылы Рахметов көшесі, "Еркебулан" дүкенінің оң жағында

30

5

Азық-түлік өнімдерін сату

"Еркебулан" дүкені

5

Қабанбай ауылдық округі, Қабанбай ауылы, Қабанбай көшесі № 3 ғимаратқа қарама-қарсы

50

5

Азық-түлік өнімдерін сату

"Нұрбай" дүкені

6

Үржар ауылдық округі, Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы "Керемет" дүкеніне қарама -қарсы

27

5

Азық-түлік өнімдерін сату

"Керемет" дүкені

7

Үржар ауылдық округі, Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы, № 212 үйдің оң жағында

27

5

Азық-түлік өнімдерін сату

"Сұңқар" шағын маркет

8

Үржар ауылдық округі, Үржар ауылы, Сейфуллин көшесі, № 47 үйге қарама -қарсы

27

5

Азық-түлік өнімдерін сату

"Айжан" дүкені

9

Үржар ауылдық округі, Үржар ауылы, Қабанбай көшесі, № 163 үйге қарама-қарсы

27

5

Азық-түлік өнімдерін сату

"Ағайын" дүкені


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады