Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 18.03.2019 № 89 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үржар ауданы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының 1, 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Үржар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 586 "2017 жылғы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4834 болып тіркелген, 2017 жылғы 30 қаңтарда "Уақыт тынысы" газетінде және 2017 жылғы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Үржар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Үржар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Садвакасовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | Ә. Сарбаева |
Үржар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 69 қаулысына 1 қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Мектепке дейінгі балалар ұйымдары | Мемлекеттік білім беру тапсырысы, орындар саны |
1 | Бала бақшалар | 430 |
2 | Мектеп бақшалар | 1087 |
Үржар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "21" ақпандағы № 69 қаулысына 2 қосымша |
Ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Мектепке дейінгі балалар ұйымдары | Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін (теңге) (артық емес) | Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін (теңге) (артық емес) |
1 | Бала бақшалар | 470,0 | 550,0 |
2 | Мектеп бақшалар | 298,0 | 350,0 |
Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.