2017 жылғы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 586 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 қаңтарда № 4834 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 69 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 21.02.2018 № 69 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2017 жылғы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Үржар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 20 "Үржар ауданы бойынша 2016 жылғы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 17 ақпандағы № 4408 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 ақпандағы № 34-35 "Уақыт тынысы/Пульс времени" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Садвакасовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Қ. Сеитқанов

  Үржар ауданының әкімдігінің
"20" желтоқсан 2016 жылғы
№ 586 қаулысына қосымша

2017 жылғы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Бір айда бір тәрбиеленушінің жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері

Тәрбиеленушілер саны,адамдар

Бір айда бір тәрбиеленушілерге орташа шығынның құны, теңге

Бір тәрбиеленушінің айлық ата-ананың төлем ақы мөлшері,теңге

Балабақшалар

Мектеп-бақша

Балабақшалар

Мектеп-бақша

Балабақшалар

Мектеп-бақша

Балабақшалар

Мектеп-бақша

26402,27

13482

484

1075

26402,27

13482

11000

7000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады