Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 20.09.2023 № 5-113/VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :
1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Үржар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 24-253/V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3325 нөмірімен тіркелген, "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінің 2014 жылдың 5 маусымында жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Джакупов |
Үржар аудандық мәслихатының хатшысы | К. Карашев |
Үржар аудандық мәслихатының 2018 жылдың 12 наурызында № 24-248/VI шешімімен бекітілді |
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында (бұдан әрі-Қағидалар) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған 2001 жылғы 23 қантарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 29 желтоқсан 2008 жылы № 114-IV "Арнаулы әлеуметтік қызмет", 13 сәуірде 2005 "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерге әлеуметтік көмек", және Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары, Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысымен 21 маусым 2013 жылы № 504 және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындап белгілейді.
Үржар ауданының "Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету шығыстарын қаржыландыру аудан бюджетінде ағымдағы қаржы жылына қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырады.
1. Жалпы ережелер
2. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында (бұдан әрі - Қағидалар) пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі-уәкілетті ұйым)- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
1-1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Үржар ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төменгі күнкөріс деңгейі – Шығыс Қазақстан облысының статистикалық органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну есебетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Үржар ауданының әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде Үржар ауданның жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
4. Осы Қағидалар Үржар ауданының аумағында тіркелген тұлғаларға таралады.
5. Әлеуметтік көмек жылына біржолғы және бір рет көрсетіледі.
6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау, әлеуметтік көмектің мөлшерлерін және жан басына шаққандағы орташа табыстың шегін белгілеу тәртібі
7. Адам (отбасы) мынадай:
1) жетімдік;
2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалу;
3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девианттық мінез-құлық;
3-1) кәмелетке толмағандардың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;
4) үш жасқа дейінгі балалардың туғаннан бастапқы психофизикалық дамуы мүмкіндіктерінің шектелуі;
5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;
6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;
7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездік;
9) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);
10) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;
11) пробация қызметініңесебінде болу негіздерібойыншаөмірлікқиынжағдайдадептанылуымүмкін.
8. Жан басына шаққандағы орташа табыстың шегі ең төмен күнкөріс деңгейінің ек іеселік мөлшерінде белгіленсін.
9. Әлеуметтік көмек, өкпе ауруына қарсы диспансердің тізімдеріне сәйкес, әлеуметтік мәні бар аурулары және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары бар адамдарға кірісін есепке алмай, ай сайын - 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көрсетіледі.
Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 100 айлық есептік көрсеткішті құрайды.".
10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бірреттік әлеуметтік көмек азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:
1) Ауғаныстан аумағынан әскерлерді шығару күні интернационалист - жауынгерлерді еске алу күні - 15 ақпан:
- Ауғаныстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезіндегі әскери қызметшілерге - 35 айлық есептік көрсеткіш;
- Ауғаныстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына - 35 айлық есептік көрсеткіш;
2) Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз:
- "Алтын алқа" алқасымен, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған көпбалалы аналарға - 5 айлық есептік көрсеткіш;
- "Күміс алқа" алқасымен марапатталған көп балалы аналарға - 5 айлық есептік көрсеткіш;
- бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде 23 жасқа толғанға дейін) - 5 айлық есептік көрсеткіш;
3) Халықаралық радиациалық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күні - 26 сәуір:
- 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттын, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ, ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға - 35 айлық есептік көрсеткіш;
- 1988 - 1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың, қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан қоныс аударылғандардың (өз еркімен кеткендердің) және Қазақстан Республикасына қоныстанғандардың қатарындағы адамдарға - 35 айлық есептік көрсеткіш;
- Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары - 25 айлық есептік көрсеткіш;
4) Қазақстан халқының бірлігі мерекесі - 1 мамыр:
- мүгедек балаларға - 4,2 айлық есептік көрсеткіш;
5) Жеңіс күні - 9 мамыр:
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына - 215 айлық есептік көрсеткіш;
- қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелдi қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 35 айлық есептік көрсеткіш;
- қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне) - 10,4 айлық есептік көрсеткіш;
- Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға - 25 айлық есептік көрсеткіш;
- 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға - 4,5 айлық есептік көрсеткіш;
6) Саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу күні - 31 мамыр:
- саяси құғын - сүргін құрбандары болған азаматтарға - 4,5 айлық есептік көрсеткіш.
3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi
11. Атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Үржар ауданының әкімдігі бекітетін тізімдер бойынша көрсетіледі.
12. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе ауылдық округтың әкіміне өтiнiшке қоса мынадай құжаттар ұсынылады:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына" 1 қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтер;
4) адамның (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтердi;
5) өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын актiнi және/немесе құжатты ұсынады.
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдайға түскен адамдардың (отбасылар) өтінішті оқиға болған күннен бастап үш ай ішінде беріледі.
13. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен түскен уәкілетті орган немесе ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күн ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
15. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына" 2, 3 қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе ауылдық округ әкіміне жібереді.
Ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қортындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
16. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.
17. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
18. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
19. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсетудің қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.
20. Уәкiлеттi орган әлеуметтік көмек көрсетуге өтiнiш берушiнiң құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсетудің қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Осы Қағидалардың 15 және 16 тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
21. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.
22. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту жағдайлары:
1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталғанда;
2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарғанда;
3) әлеуметтiк көмек көрсету үшiн, адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы белгiленген шектен артқанда.
23. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның жергілікті бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер
24. Әлеуметтік көмектін тоқтатылуы:
1) алушы қайтыс болғанда;
2) алушы Үржар шегінен тыс тұрақты басқа жаққа тұруға кеткенде;
3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiбергенде;
4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
25. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке байланысты қайтарылуға тиісті.
5. Қорытынды ереже
26. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі және есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып.