Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Үржар ауданы Үржар ауылдық округінің Бургон ауылына қарасты "Ержан" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Үржар ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 15 қазандағы № 170 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Үржар ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 215 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 5-18-184 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Үржар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2018 жылғы, 5 желтоқсандағы № 274 ұсынысы негізінде Үржар ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара малдың құтырық ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Үржар ауданы Үржар ауылдық округінің Бургон ауылына қарасты "Ержан" шаруа қожалығында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Үржар ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 15 қазандағы № 170 "Үржар ауданы" Үржар ауылдық округінің Бургон ауылына қарасты "Ержан" шаруа қожалығына белгіленген шектеу іс-шараларын белгілеу туралы (Нормативтік - құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-18-170 тіркелген, 2018 жылы 22 қазанда “Уақыт тынысы” газетінде және 2018 жылдың 31 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Үржар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімнің шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Үржар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Үржар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Үржар ауылды қокругінің әкімі С. Шарықбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады