РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің 505-бабына, 509-бабы 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 1-қосымшаға сәйкес автотұрақтардың (паркингтердің) санаты белгіленсін.
2. 2-қосымшаға сәйкес автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері ұлғайтылсын.
3. Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген басқа санаттардағы жерлерге салықты есептеу кезінде жеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын орналасқан елді мекен Шемонаиха қаласы болып айқындалсын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б. Сизиков |
Шемонаиха аудандық | |
мәслихатының хатшысы | А. Боровикова |
Шемонаиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 қарашадағы № 30/3-VI шешіміне 1-қосымша |
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты
| Автотұрақтар (паркингтердің) түрлері | Санаты |
1 | Жер үстіндегі жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер), ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер) | 1-санат |
Шемонаиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 қарашадағы № 30/3-VI шешіміне 2-қосымша |
Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту
| Автотұрақтар (паркингтер) санаты | Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері | Базалық мөлшерлемелерді ұлғайту | ||
Шемонаиха қ. | кенттер | ауылдар | |||
1 | 1-санат | 7,24 | 0,96 | 0,48 | 10 есе |