РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 - бабының 4 - тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35- бабының 2-тармағына сәйкес, Зевакино ауылдық округі тұрғындарының пікірлерін және Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 02 наурыздағы қорытындысын есепке ала отырып, Зевакино ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Зевакино ауылдық округі Зевакино ауылының келесі көшелері қайта аталсын:
1) Советская көшесі Тәуелсіздік көшесіне;
2) Ленин көшесі Халықтық көшесіне;
3) Киров көшесі Бірлік көшесіне;
4) Чапаев көшесі Ертіс көшесіне.
2. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Зевакино ауылдық округі Убинка ауылының келесі көшесі қайта аталсын:
1) Ленин көшесі Болашақ көшесіне;
3. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Зевакино ауылдық округі Новая Убинка ауылының келесі көшесі қайта аталсын:
1) Советская көшесі Мерей көшесіне;
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Зевакино ауылдық округінің әкімі | Ж. Синиязов |