"Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Волчанка селолық округі Волчанка селосының көшесін және Большая Речка көшелерін қайта атау туралы"

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Волчанка селолық округі әкімінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 01 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 17 мамырда № 5-19-181 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Волчанка селолық округі тұрғындарының пікірлерін және Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 02 наурыздағы қорытындысын есепке ала отырып, Волчанка селолық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Волчанка селолық округі Волчанка ауылының келесі көшесі қайта аталсын:

      1) Советская көшесі Қазақстан көшесіне;

      2. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Волчанка селолық округі Большая Речка ауылының келесі көшелері қайта аталсын:

      1) Колхозная көшесі Бастау көшесіне;

      2) Октябрьская көшесі Школьная көшесіне.

      3) Советская көшесі Лесная көшесіне.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Волчанка селолық округінің әкімі А. Гекк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады