Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 325 "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 55 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 сәуірде № 5112 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2004 жылғы 9 шілдедегі "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Заңдарына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 325 "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3781 тіркелген, 2015 жылғы 5 ақпанда "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесінде:

      12, 15, 17, 65, 66 - жолдар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 48-1, 48-2, 78-1, 78-2, 78-3 жолдармен толықтырылсын:

      "

48-1.

Кривое көлі

10 га

Шолпан ауылынан оңтүстікке қарай 0,5 км

48-2.

Татарская жырасындағы тоған

33 га

Зеленое ауылынан солтүстік-батысқа қарай 7,5 км

      ";

      "

78-1.

Солянка өзеніндегі №2 тоғаны

19 га

Придорожный ауылынан солтүстік-батысқа қарай 2 км

78-2.

Корей тоғаны

28 га

Федоровка ауылынан шығысқа қарай 4 км және Донецк ауылынан солтүстік-батысқа қарай 4 км

78-3.

Шөптікөл тоғаны

14 га

Федоровка ауылынан шығысқа қарай 4 км

      ".

      2. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А.М.Дәулетжанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары И.В. Стексовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Көлгінов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады