Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 28.09.2018 № 19-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексін (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман Кодексін, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, "Мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орман пайдалану үшін төлем ставкаларын есептеуге арналған ережелер мен әдістемелік нұсқауларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2009 жылғы 12 маусымдағы № 344 бұйрығы негізінде, Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен келісілген, Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы жасаған есептеулер негізінде Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалану төлемақысының ставкалары (түбірімен босатылатын сүрек үшін белгіленетін ставкаларды қоспағанда) бекітілсін:
1) орманды жанама пайдаланғаны үшін;
2) қосалқы ағаш ресурстарын дайындау үшін;
3) мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорт мақсаттарында, аңшылық шаруашылығы қажеттері, ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдаланғаны үшін;
2. Осы шешім Қазақстан Республикасының Орман кодексінде белгіленген тәртіппен орман пайдалану құқығын алған мемлекеттік орман иеленушілерге, жеке және заңды тұлғаларға таратылады.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология, табиғи және техногендік үрдістер бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін.
4. Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты (А. Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В. Голоухов |
Облыстық мәслихат хатшысы | М. Құлшар |
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 12 маусымдағы № 25-6 шешіміне 1-қосымша |
Орманды жанама пайдаланғаны үшін
төлемақы ставкалары
№ | Атауы | Өлшем бірлігі | Төлемақы ставкасы, теңге |
1 | Шөп шабу, соның ішінде шабындық жерлердің сапалық жай-күйі бойынша | ||
1) | жақсы (коэф. 1,2) | гектар | 1984 |
2) | қанағаттанарлық (коэф. 0,9) | гектар | 1488 |
3) | қанағаттанғысыз (коэф. 0,7) | гектар | 1157 |
2 | Мал жаю, соның ішінде топтар бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының бір басын жаю үшін | ||
1) | түйе | бір бас | 1157 |
2) | ірі қара мал, жылқы | бір бас | 926 |
3) | ірі қара мал төлі | бір бас | 463 |
4) | ешкі | бір бас | 810 |
5) | қой | бір бас | 231 |
3 | Көкөніс шаруашылығы, бақша шаруашылығы және өзге ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру | гектар | * |
4 | Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде бір ара ұясын орналастыру | гектар | 1653 |
Ескерту: *Көкөніс өсіру, бақша дақылдарын өсіру және өзге ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану төлемақысының ставкалары салық заңнамасымен топырақтардың сапасы бойынша орналастырылған бонитеттердің балына сай анықталған жер салығы деңгейінде белгіленеді.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 12 маусымдағы № 25-6 шешіміне 2-қосымша |
Қосалқы ағаш ресурстарын дайындау үшін
төлемақы ставкалары
№ | Атауы | Өлшем бірлігі | Төлемақы ставкасы |
1 | Ағаштар мен бұталардың қабықтары | тонна | Түріне байланысты отындық сүректің 1 тығыз текше метрі үшін төлемақы базалық ставкаларынан 10 % пайызы мөлшерінде |
2 | Ағаштар мен бұталардың бұтақтары | тонна | Түріне байланысты отындық сүректің 1 тығыз текше метрі үшін төлемақы базалық ставкаларынан 20 % пайызы мөлшерінде |
3 | Ағаштар мен бұталардың томарлары | тонна | Түріне байланысты отындық сүректің 1 тығыз текше метрі үшін төлемақы базалық ставкаларынан 15 % пайызы мөлшерінде |
4 | Ағаштар мен бұталардың тамырлары | тонна | Түріне байланысты отындық сүректің 1 тығыз текше метрі үшін төлемақы базалық ставкаларынан 10 % пайызы мөлшерінде |
5 | Ағаштар мен бұталардың жапырақтары | тонна | Түріне байланысты отындық сүректің 1 тығыз текше метрі үшін төлемақы базалық ставкаларынан 5 % пайызы мөлшерінде |
6 | Ағаштар мен бұталардың бүршіктері | килограмм | Түріне байланысты отындық сүректің 1 тығыз текше метрі үшін төлемақы базалық ставкаларынан 30 % пайызы мөлшерінде |
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 12 маусымдағы № 25-6 шешіміне 3-қосымша |
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықтыру, рекреациялық,
туристік және спорт мақсаттарында, аңшылық шаруашылығы қажеттері,
ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдаланғаны үшін
төлемақы ставкалары
№ | Атауы | Өлшем бірлігі |
Төлемақы | ||
қысқа мерзімді орман пайдалану | ұзақ мерзімді орман пайдалану | қысқа мерзімді орман пайдалану (АЕК) | ұзақ мерзімді орман пайдалану (теңге) | ||
1 | Мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану | 1 адам-күн | гектар | 0,1 | 826 |
2 | Мемлекеттік орман қоры учаскелерін рекреациялық, туристік және спорт мақсаттары үшін пайдалану | 1 адам-күн | гектар | 0,1 | 3458 |
3 | Мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының қажеттері үшін пайдалану | - | гектар | - | нольдік ставка |
4 | Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми зерттеу мақсаттары үшін пайдалану | 1 адам-күн | гектар | 0,1 | 826 |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЕК – айлық есептік көрсеткіш;
коэф. – коэффициент.