Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының кейбір елді мекендерінің әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 282 бірлескен қаулысы және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 21-7 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 желтоқсанда № 5437 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Казталов аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 17 қазандағы №350 және Казталов аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 қазандағы №16-10 бірлескен қаулысы және шешімі негізінде тиісті аумақтар тұрғындарының пікірін ескере отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының әкімшілік –аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) Ақпәтер ауылдық округінің Кішкене шал елді мекені таратылсын;

      2) Талдықұдық ауылдық округінің Таскүтір елді мекені таратылсын;

      3) Талдықұдық ауылдық округінің Құрман елді мекені таратылсын ;

      4) Жалпақтал ауылы шегінде орналасқан Құлақ елді мекенін Жалпақтал

      ауылдық округінің Жалпақтал ауылының құрамына енгізе отырып, таратылсын;

      5) Қараөзен ауылы шегінде орналасқан Құлақ елді мекенін Қараөзен

      ауылдық округінің Қараөзен ауылының құрамына енгізе отырып, таратылсын;

      6) Қарасу ауылы шегінде орналасқан Төреғали елді мекенін Қарасу

      ауылдық округінің Қарасу ауылының құрамына енгізе отырып, таратылсын.

      2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы(А.Сұлтанов) осы бірлескен

      қаулы және шешімнің Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Көлгінов
      Сессия төрағасы М. Құлшар
      Облыстық мәслихат хатшысы М. Құлшар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады