Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 05.06.2020 № 132 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңдарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы №221 "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4056 тіркелген, 2015 жылғы 13 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Іздестіру қызметіне лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
4-тармақта екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №120-VІ Кодексіне сәйкес:
1) лицензия беру үшін - 10 айлық есептік көрсеткішті;
2) лицензияның телнұсқасын беру үшін - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын;
3) лицензияны қайта ресімдеу үшін - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды.";
көрсетілген қаулымен бекітілген "Жобалау қызметіне лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
4-тармақта екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №120-VІ Кодексіне сәйкес:
1) лицензия беру үшін - 10 айлық есептік көрсеткішті;
2) лицензияның телнұсқасын беру үшін - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын;
3) лицензияны қайта ресімдеу үшін - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды.";
көрсетілген қаулымен бекітілген "Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
4-тармақта екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №120-VІ Кодексіне сәйкес:
1) лицензия беру үшін - 10 айлық есептік көрсеткішті;
2) лицензияның телнұсқасын беру үшін - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын;
3) лицензияны қайта ресімдеу үшін - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды.";
көрсетілген қаулымен бекітілген "Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті алып тасталсын.
2. "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б.Б.Сейтқали) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.О. Азбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А.Көлгінов |