Орал қаласы Зачаган кентінің кейбір шағын аудандарының атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Зачаган кенті әкімінің 2018 жылғы 22 тамыздағы № 4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 қыркүйекте № 5325 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Зачаган кенті халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, кент әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1.Орал қаласы Зачаган кентінің кейбір шағын аудандарының атаусыз көшелеріне мынадай атаулар берілсін:

      1) "Арман" шағын ауданы бойынша:

      "№7А" жобалық көшесі – "Серпер" көшесі;

      "№7Б" жобалық көшесі – "Беркінғали Атшыбаев" көшесі;

      "№7В" жобалық көшесі – "Ғұмар Есенғұлов" көшесі;

      "№104" жобалық көшесі – "Дарабоз" көшесі;

      2) "Балауса" шағын ауданы бойынша:

      "№10" жобалық көшесі – "Ахмедғали Мәметов" көшесі.

      2.Зачаган кенті әкімінің орынбасары (Н.Мухитов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялауын қамтамасыз етсін.

      3.Осы шешімнің орындалуын бақылауды кент әкімінің орынбасары Н.Мухитовқа жүктелсін.

      4.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кент әкімі А.Кадыров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады