Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округінің Тайпақ, Томпақ ауылдарының атаусыз көшелеріне атау беру және Тайпақ ауылының кейбір көшелеріне қайта атау беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 23 шілдедегі № 17 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 31 шілдеде № 5316 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Тайпақ және Томпақ ауылдарының халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде Тайпақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округінің Тайпақ және Томпақ ауылдарының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) Тайпақ ауылы бойынша:

      №5 жобалық көшесі – "Бейбітшілік" көшесі;

      №8 жобалық көшесі – "Абай" көшесі;

      №9 жобалық көшесі – "Махамбет" көшесі;

      №15 жобалық көшесі – "Құрылысшы" көшесі;

      №22 жобалық көшесі – "Жамбыл" көшесі;

      №26 жобалық көшесі – "Жайық" көшесі.

      2) Томпақ ауылы бойынша:

      №1 жобалық көшесі – "Өріс" көшесі;

      №2 жобалық көшесі – "Құлагер" көшесі.

      2. Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округінің Тайпақ ауылының кейбір көше атаулары:

      "Гагарин" көшесі – "Достық" көшесі;

      "Чапаев" көшесі – "Хан тәңірі" көшесі;

      "Ленин" көшесі –"Бақтығали Бисенов" көшесі;

      "Фурманов" көшесі – "Сарыжайлау" көшесі;

      "Хаустов" көшесі – "Кеңжайлау" көшесі;

      "Октябрьдің 50 жылдығы" көшесі – "Азаттық" көшесі;

      "Шемякин" көшесі – "Көкпар" көшесі;

      "Жеңістің 40 жылдығы атындағы" көшесі – "Жеңіс" көшесі;

      "М.Маметова" көшесі – "Мәншүк Мәметова" көшесі;

      "А.Молдагулова" көшесі – "Әлия Молдағұлова" көшесі;

      "Ж.Молдагалиев" көшесі – "Жұбан Молдағалиев" көшесі;

      "И.Тайманов" көшесі – "Исатай Тайманов" көшесі;

      "К.Сағырбаев" көшесі – "Құрманғазы" көшесі;

      "Д.Нурпейсова" көшесі – "Дина Нұрпейісова" көшесі;

      "М.Ауезов" көшесі – "Мұхтар Әуезов" көшесі;

      "Чурин" көшесі – "Хамит Чурин" көшесі;

      "Пушкин" көшесі – "Александр Пушкин" көшесі;

      "Жумалиев" көшесі – "Тыныс Жұмалиев" көшесі;

      "Д.Жауымбаев" көшесі – "Демеу Жауымбаев" көшесі;

      "Жумакаев" көшесі – "Төлеген Жұмақаев" көшесі;

      "Гильманов" көшесі – "Қалеш Ғилманов" көшесі;

      "Т.Масин" көшесі – "Темір Масин" көшесі;

      "Кашкенов" көшесі – "Әбдір Кашкенов" көшесі;

      "Орталық алаң" көшесі – "Орталық алаң" көшесі деп қайта аталсын.

      2. Тайпақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Г.Канибетова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тайпақ ауылдық округі әкімі Б.Шаленов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады