Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 30.04.2020 № 52 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына және "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 шілдеде № 14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жаңақала ауданы бойынша тізімдік саны бар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота жұмыскерлердің екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленсін.
2. Жаңақала ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 334 "Жаңақала ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4634 тіркелген, 2016 жылдың 30 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Жаңақала ауданы әкімі аппараты басшысы (А. Карменов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Нұрғожинге жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкiмінің міндетін уақытша атқарушы |
А. Мұқамбетжанов |
Жаңақала ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы №232 қаулысына қосымша |
Жаңақала ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыс орындарының саны | Квота пайызы | Квота белгіленген жұмыс орындарының саны |
1 | Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жаңақала аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 331 | 4 | 13 |
2 | "Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "Айдархан жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 95 | 2 | 2 |
3 | "Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "Пятимар жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 103 | 3 | 3 |
4 | "Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "М.Жүнісов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 122 | 3 | 4 |
5 | "Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "М.Мирманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 82 | 2 | 2 |
6 | "Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "С.Мендешев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 97 | 2 | 2 |
7 | "Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 103 | 3 | 3 |
8 | "Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "Е.Ш.Орақбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 110 | 3 | 3 |
9 | "Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "Жаңақала мектеп–гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 141 | 3 | 4 |
10 | "Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 146 | 3 | 4 |
11 | Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының "Жаңақала колледжі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны | 87 | 2 | 2 |
12 | "Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "№3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 152 | 3 | 5 |
13 | "Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекеме | 70 | 2 | 1 |
14 | "Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 62 | 2 | 1 |
15 | "Жаңақала аудандық білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 50 | 2 | 1 |
Барлығы | 1 751 | 50 |