Жәнібек аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 20-8 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 сәуірде № 5161 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Жәнібек аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Н.Уәлиева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессиясы төрағасы М.Хаби
      Мәслихат хатшысы Т.Кадимов

  Жәнібек аудандық мәслихаттың
2018 жылғы 27 наурыздағы
№ 20-8 шешіміне қосымша

Жәнібек аудандық мәслихатының кейбір күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі

      1. Жәнібек аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 11-1 "2017 – 2019 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4652 тіркелген, 2017 жылы 20 қаңтарда "Шұғыла" газетінде жарияланған);

      2. Жәнібек аудандық мәслихатының 2017 жылғы 10 наурыздағы № 12-4 "Жәнібек аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 11-1 "2017 – 2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4750 тіркелген, 2017 жылы 12 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      3. Жәнібек аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 маусымдағы № 13-4 "Жәнібек аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 11-1 "2017 – 2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4832 тіркелген, 2017 жылы 5 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      4. Жәнібек аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 қазандағы № 16-2 "Жәнібек аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 11-1 "2017 – 2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4924 тіркелген, 2017 жылы 7 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      5. Жәнібек аудандық мәслихатының 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 18-3 "Жәнібек аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 11-1 "2017 – 2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4989 тіркелген, 2017 жылы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      6. Жәнібек аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 қарашадағы №39-2 "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшермелерін және бірыңғай жер салығының мөлшермелерін жоғарлату туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4188 тіркелген, 2015 жылы 31 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады