Зеленов ауданы Егіндібұлақ ауылдық округі Егіндібұлақ ауылындағы көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 8 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 желтоқсанда № 5425 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Егіндібұлақ ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зеленов ауданы Егіндібұлақ ауылдық округі Егіндібұлақ ауылындағы Строительная көшесі - Құрылысшы көшесі, Набережная көшесі - Жағалау көшесі, Школьная көшесі - Мектеп көшесі, Утемисова көшесі - Махамбет Өтемісұлы көшесі, Степная көшесі - Ынтымақ көшесі, Топорков көшесі - Достық көшесі, Новостройка көшесі - Кең дала көшесі деп қайта аталсын.

      2. Егіндібұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Н.Калманова) осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі Т.Кужагалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады