Зеленов ауданы Достық ауылдық округі Достық ауылындағы атаусыз көшелерге атаулар беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Достық ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 58 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 21 желтоқсанда № 5445 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Достық ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зеленов ауданы Достық ауылдық округі Достық ауылындағы атаусыз көшелерге мынадай атаулар берілсін:

      "№1" жобалық көшесі – Жағалау көшесі;

      "№2" жобалық көшесі – күйші Дина көшесі;

      "№6" жобалық көшесі – Бейбітшілік көшесі;

      "№7" жобалық көшесі – Береке көшесі;

      "№8" жобалық көшесі – Жастар көшесі;

      "№9" жобалық көшесі – Шабыт көшесі;

      "№10" жобалық көшесі – Игілік көшесі;

      "№11" жобалық көшесі – Көкжиек көшесі;

      "№12" жобалық көшесі – Тың дала көшесі;

      "№13" жобалық көшесі – Жеңіс көшесі;

      "№14" жобалық көшесі – Хиуаз Доспанова көшесі;

      "№15" жобалық көшесі – Шаңырақ көшесі;

      "№16" жобалық көшесі – Әлия Молдағұлова көшесі;

      "№17" жобалық көшесі – Арай көшесі;

      "№18" жобалық көшесі – Балауса көшесі;

      "№19" жобалық көшесі – Жазира көшесі;

      "№20" жобалық көшесі – Жасұлан көшесі;

      "№21" жобалық көшесі – Атамұра көшесі;

      "№22" жобалық көшесі – Жансарай көшесі;

      "№23" жобалық көшесі – Ынтымақ көшесі;

      "№24" жобалық көшесі – Шапағат көшесі;

      "№25" жобалық көшесі – Келешек көшесі;

      "№26" жобалық көшесі – Құрманғазы көшесі;

      "№27" жобалық көшесі – Сәкен Сейфуллин көшесі;

      "№28" жобалық көшесі – Ахмет Байтұрсынұлы көшесі;

      "№29" жобалық көшесі – Бәйтерек көшесі;

      "№30" жобалық көшесі – Белес көшесі;

      "№31" жобалық көшесі – Жаңа өмір көшесі;

      "№32" жобалық көшесі – Жас отау көшесі;

      "№33" жобалық көшесі – Дәулет көшесі;

      "№34" жобалық көшесі – Мейрам көшесі;

      "№35" жобалық көшесі – Бастау көшесі;

      "№36" жобалық көшесі – Ақсұңқар көшесі;

      "№37" жобалық көшесі – Жәңгірхан көшесі;

      "№38" жобалық көшесі – Әділет көшесі;

      "№39" жобалық көшесі – Алтын күн көшесі;

      "№40" жобалық көшесі – Шамғон Қажғалиев көшесі;

      "№41" жобалық көшесі – Атамекен көшесі;

      "№42" жобалық көшесі – Таңшолпан көшесі деп атау берілсін.

      2. Достық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (З.Байкенова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық-ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімінің
міндетін атқарушы
Б.Керешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады