Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 09.04.2020 № 82 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін).
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстык-атқару Кодексі, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 8 шілдеде № 13898 тіркелген) сәйкес Казталов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Казталов ауданының ұйымдары жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайыздық мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Казталов ауданының ұйымдары жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайыздық мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін.
3. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін Казталов ауданының ұйымдары жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайыздық мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін.
4. Казталов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 9 ақпандағы №22 "2017 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4704 тіркелген, 2017 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Аудан әкімі аппаратының басшысы (А.Исламбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Мажитоваға жүктелсін.
7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімі | А. Шыныбеков |
Казталов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 395 қаулының 1 қосымшасы |
Казталов ауданы бойынша 2019 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы |
Жұмыскерлердің тізімдік | Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан) | Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | Казталов ауданы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "С.Садықов атындағы Казталов аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 261 | 3 | 8 |
2 | "Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің Казталов мемлекеттік коммуналдық шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорыны" | 62 | 3 | 2 |
3 | "Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің Жалпақтал мемлекеттік коммуналдық шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорыны" | 43 | 3 | 1 |
Барлығы | 366 | 11 |
Казталов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 395 қаулының 2 қосымшасы |
Казталов ауданы бойынша 2019 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан) | Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 |
"Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің Казталов мемлекеттік коммуналдық шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорыны" | 62 | 3 | 2 |
2 | "Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің Жалпақтал мемлекеттік коммуналдық шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорыны" | 43 | 3 | 1 |
Барлығы | 105 | 3 |
Казталов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 395 қаулының 3 қосымшасы |
Казталов ауданы бойынша 2019 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан) | Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Казталов аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 280 | 3 | 8 |
2 | Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Казталов аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 268 | 3 | 8 |
3 | Казталов ауданы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "С.Садықов атындағы Казталов аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 261 | 3 | 8 |
4 | "Казталов ауданының білім беру бөлімінің А.Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 121 | 3 | 4 |
5 | "Казталов ауданының білім беру бөлімінің К.Мендалиев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 105 | 3 | 3 |
6 |
"Казталов ауданының білім беру бөлімінің Бостандық орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 103 | 3 | 3 |
7 | "Казталов ауданының білім беру бөлімінің Ғ.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 102 | 3 | 3 |
8 | "Казталов ауданының білім беру бөлімінің Казталовка орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 100 | 3 | 3 |
Барлығы | 1340 | 40 |