Казталов ауданы Қараоба ауылдық округінің Қараоба және Еңбек ауылдарындағы көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қараоба ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 15 маусымдағы № 12 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 маусымда № 5267 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Қараоба және Еңбек ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Қараоба ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Казталов ауданы Қараоба ауылдық округі Қараоба ауылының "Ленин" көшесі "Болашақ" көшесі және Еңбек ауылының "Коммунист" көшесі "Бейбітшілік" көшесі деп қайта аталсын.

      2. Қараоба ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (С.Қайырова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.

      Қараоба ауылдық округі әкімінің
міндетін атқарушы
А.Галимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады