Сырым аудандық мәслихаты шешімінің күшін жою деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2018 жылғы 17 шілдедегі № 28-7 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 31 шілдеде № 5315 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сырым аудандық мәслихатының 2009 жылғы 26 ақпандағы №11-3 "Салық салу бірлігіне тіркелген жиынтық салық ставкалары туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-10-59 болып тіркелген, 2009 жылғы 28 наурыздағы "Қайнар" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Аудандық мәслихат аппаратының бас маманы (А.Орашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б.Хамидуллин
      Мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады