Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 53 "Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округінің Өлеңті ауылындағы кейбір көше атауларын қайта атау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 136 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 қаңтарда № 5498 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 11 маусымдағы №53 "Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округінің Өлеңті ауылындағы кейбір көше атауларын қайта атау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5249 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1–тармағында "Мұқадес Исламғалиев" деген сөздер "Мұқадес Еслямғалиев" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (А.Умирзакова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысы
Сырым ауданы Жымпиты
ауылдық округінің әкімі
А.Баяндыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады