Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округінің Өлеңті ауылындағы кейбір көше атауларын қайта атау туралы

Жаңартылған

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 53 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 18 маусымда № 5249 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Жымпиты ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Жымпиты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округінің Өлеңті ауылындағы кейбір көше атаулары:

      "Ақдала 1" көшесін – "Ұлытау" көшесі;

      "Ақдала 2" көшесін – "Шаңырақ" көшесі;

      "Досжанов" көшесін – "Мұқадес Еслямғалиев" көшесі;

      "Тәжібеков және Бердіғалиев" көшесін – "Жағалау" көшесі деп қайта аталсын.

      Ескерту. 1 - тармаққа өзгеріс енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округі әкімінің 28.12.2018 № 136 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (А.Умирзакова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысы
Сырым ауданы
Жымпиты ауылдық округінің әкімі
А.Баяндыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады