Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 21.02.2020 № 44-7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 15 маусымдағы №1224 "Қазақстан Республикасында Мүгедектер күнін белгілеу туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тасқала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы №18-1 "Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3386 тіркелген, 2014 жылы 14 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
жоғарыда көрсетілген қағиданың 3-қосымшасындағы бірінші баған мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – 300 000".
2. Тасқала аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (Т. Ержігітова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В.Фролов |
Аудандық мәслихат хатшысы | С.Рахимов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары
________________Б.Қонысбаева
17 мамыр 2018 жыл