Тасқала ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 312 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 7 қарашада № 5393 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 116 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 28.04.2020 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 шілдеде №14010 болып тіркелді) сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Тасқала ауданы бойынша тізімдік саны бар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота жұмыскерлердің екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленсін.

      2. Тасқала ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 46 "Тасқала ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4710 тіркелген, 2017 жылғы 24 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы (М.Мырзаш) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Халелов

  Тасқала ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 9 қазандағы
№ 312 қаулысына
қосымша

Тасқала ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота саны

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны

1

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тасқала аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

287

4

11

2

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы "Тасқала ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Бөбек" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

58

2

1

3

"Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

57

2

1

4

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының "Тасқала колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

76

2

2

5

Тасқала аудандық білім бөлімінің "Сәулет" мектеп- лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

106

3

3

6

Тасқала аудандық білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

119

3

4

7

Тасқала аудандық білім бөлімінің "Садық Жақсығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

77

2

2

8

Тасқала аудандық білім бөлімінің "Жалпы орта білім беретін Қ.Сәтбаев атындағы мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

92

2

2

9

Тасқала аудандық білім бөлімінің "Жалпы орта білім беретін Амангелді "мектеп – балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

91

2

2

10

Тасқала аудандық білім бөлімінің "Жалпы орта білім беретін Ақтау "мектеп – балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

69

2

1

11

Тасқала аудандық білім бөлімінің "Достық жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

61

2

1

12

Тасқала аудандық білім бөлімінің "Атамекен жалпы орта білім беретін "мектеп-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

69

2

1

13

Тасқала аудандық білім бөлімінің "Мерей жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

67

2

1

14

Тасқала аудандық білім бөлімінің "Жалпы орта білім беретін Мереке "мектеп – балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

67

2

1

15

Тасқала аудандық білім бөлімінің "Жалпы орта білім беретін Шежін "мектеп – балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

81

2

2

16

Тасқала аудандық білім бөлімінің "Жалпы білім беретін Оян орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

64

2

1

17

Тасқала ауданы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

121

3

4

18

"Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесі

72

2

1

19

Таскала ауданы әкімдігінің (шаруашылық жүргізуге құқылы) "Таскала аудандық коммуналдық шаруашылығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

52

2

1


Барлығы

1 686
42


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады