Тасқала ауданы Тасқала ауылдық округінің Тасқала ауылындағы кейбір атаусыз көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Тасқала ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 100 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 30 шілдеде № 5306 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Тасқала ауылы халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Тасқала ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тасқала ауданы Тасқала ауылдық округінің Тасқала ауылының кейбір атаусыз көшелеріне мынадай атаулар берілсін:

      1) ауылдың солтүстік-шығыс аумағындағы:

      №1 көшесіне –"Жерұйық" көшесі;

      №2 көшесіне – "Ешкітау" көшесі.

      2) ауылдың батыс аумағындағы:

      №1 көшесіне – "Атақоныс" көшесі;

      №2 көшесіне – "Жібек жолы" көшесі;

      №3 көшесіне – "Астана" көшесі;

      №4 көшесіне – "Ақтілек" көшесі;

      №5 көшесіне – "Көкпар" көшесі;

      №6 көшесіне – "Сарыжайлау" көшесі.

      2. Тасқала ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Ж.Калиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тасқала ауылдық округі әкімінің орынбасары С.Галиеваға жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тасқала ауылдық округінің әкімі Ж.Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады