Тасқала ауданы Тасқала ауылдық округінің Бірлік ауылы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Тасқала ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 6 қыркүйектегі № 114 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 7 қыркүйекте № 5332 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Тасқала аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 16 тамыздағы №646 ұсынысы негізінде, Тасқала ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тасқала ауданы Тасқала ауылдық округінің Бірлік ауылы аумағында мүйізді ірі қара малынан бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Тасқала ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 14 ақпандағы №34 "Тасқала ауданы Тасқала ауылдық округінің Бірлік ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №5061 болып тіркелген, 2018 жылдың 16 ақпанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Тасқала ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Ж.Калиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тасқала ауылдық округінің әкімі Ж.Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады