Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы Ақсуат ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 18 маусымдағы № 522 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 маусымда № 6352 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының, 14-бабының 4) тармақшасына және облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 12 қазандағы № 2 қорытындысына сәйкес Ақсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылорда қаласы, Ақсуат ауылдық округі, "Наурыз" саяжай кешеніндегі № 2 көшеге "Мухтар Стамбеков" есімі берілсін.

      2. Қызылорда қаласы, Ақсуат ауылдық округі Ж.Маханбетов ауылының келесі көшелеріне:

      жобалық атауы 34 көшесіне – "Султан Мырзабеков";

      жобалық атауы № 2 в көшесіне – "Ойшеңгел";

      жобалық атауы № 4 в көшесіне – "Жаңатұрмыс";

      жобалық атауы № 6 в көшесіне – "Қырықбайтақ";

      жобалық атауы № 41 көшесіне – "Қызылқұм";

      жобалық атауы № 42 көшесіне – "Жасқайрат";

      жобалық атауы № 1 көшесі – "Ибрагим Дауылбаев";

      жобалық атауы № 4 көшесі – "Өтепберген Наурызбаев";

      жобалық атауы Гараж-2 көшесі – "Сарыкөл";

      жобалық атауы Гараж-3 көшесі – "Қарақожа";

      жобалық атауы № 1 а көшесі – "Қаратабан";

      жобалық атауы № 11 а көшесі– "Бәйтеке";

      жобалық атауы № 33 а көшесі–"Бәйтен" деген атаулар берілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы Н.Садирбаевқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсуат ауылдық округінің әкімі М. Ақмырзаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады