Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы Ақсуат ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 18 маусымдағы № 521 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 маусымда № 6353 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының, 14-бабының 4) тармақшасына және облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 7 ақпандағы № 1 қорытындысына сәйкес Ақсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылорда қаласы, Ақсуат ауылдық округі, "Наурыз" саяжай кешеніндегі келесі көшелеріне:

      1) жобалық атауы № 4 көшесіне - "Әбу Бәйтенов";

      2) жобалық атауы № 8 көшесіне - "Ибрагим Исаев" атаулары берілсін.

      2. Қызылорда қаласы, Ақсуат ауылдық округінің Ж.Маханбетов ауылындағы келесі көшелеріне:

      1) жобалық атауы № 44 көшесіне - "Еркесары Адыранова";

      2) жобалық атауы № 1 көшесіне - "Хамитбек Манабаев";

      3) жобалық атауы № 5 а көшесіне - "Әбдіразақ Әлібеков";

      4) жобалық атауы № 3 а көшесіне - "Сыздық Төлеков";

      5) жобалық атауы № 6 көшесіне - "Әбіш Найзағараев";

      6) жобалық атауы № 37 көшесіне - "Шерәлі Беркінов";

      7) жобалық атауы № 9 көшесіне - "Өзбекбай Досмағанбетов";

      8) жобалық атауы № 38 көшесіне - "Табынбай Қаратаев" атаулары берілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Н.Садирбаевқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсуат ауылдық округінің әкімі М. Ақмырзаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады