Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шыңғырлау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (С.Шағиров) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Г.Бисенғалиева |
Мәслихат хатшысы | Г.Волкогон |
Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 ақпандағы № 20-2 шешіміне қосымша |
1. Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 11-1 "2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешімі, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4641 тіркелген, 2017 жылы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
2. Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 наурыздағы № 12-1 "Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 11-1 "2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4712 тіркелген, 2017 жылы 18 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
3. Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 маусымдады № 13-3 "Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 11-1 "2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4831 тіркелген, 2017 жылы 4 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
4. Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 қазандағы № 15-1 "Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 11-1 "2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4927 тіркелген, 2017 жылы 6 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
5. Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 17-1 "Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 11-1 "2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4985 тіркелген, 2017 жылы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
6. Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 сәуірдегі №2-3 "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4356 тіркелген, 2016 жылы 16 мамырында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).