Шыңғырлау аудандық мәслихатының шешімі күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 қазандағы № 31-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 қазанда № 5366 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 ақпандағы №20-1 "Шыңғырлау ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5074 тіркелген, 2018 жылы 14 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі күші жойылды деп танылсын.

      2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (С.Шагиров) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы А.Камзаева
      Мәслихат хатшысы Г.Волкогон

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады