Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Лубен ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 сәуірде № 5143 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Лубен ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Лубен ауылдық округі әкімінің 28.09.2018 № 10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2018 жылғы 5 ақпандағы № 01-18/75 ұсынысы негізінде, Лубен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шыңғырлау ауданы Лубен ауылдық округі Лубен ауылының Оңтүстік-Шығыс бағыттағы бөлігінде мүйізді ірі-қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Шыңғырлау ауданы Лубен ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 27 қазандағы № 16 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4944 тіркелген, 2017 жылы 14 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Лубен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Ю.Б.Бокаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық-ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Лубен ауылдық округінің әкімі М.Ж.Сатыбалдиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады