Шыңғырлау ауданы Полтава ауылдық округі Полтава ауылындағы көше атауын қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Полтава ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 наурызда № 5094 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Полтава ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Полтава ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шыңғырлау ауданы Полтава ауылдық округі Полтава ауылының "Целинная" көшесі - "Құлагер" көшесі деп қайта аталсын.

      2. Полтава ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Б.Ирманов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Полтава ауылдық округі әкімі С.Уржанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады