Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 22.10.2022 № 830 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Ішкі істер органдарында кадрлық жоспарлауды ескере отырып, кадрларға қажеттілікті қанағаттандыру үшін мамандықтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 941 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12442 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда жарияланған):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары, департаменттері мен дербес басқармаларының бастықтары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың полиция, көліктегі полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, төтенше жағдайлар департаменттерінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ведомстволық бағынысты мекемелері мен оқу орындарының бастықтары лауазымға тағайындау кезінде осы бұйрықтың талаптарын қатаң басшылыққа алсын.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарында кадрлық жоспарлауды ескере отырып, кадрларға қажеттілікті қанағаттандыру үшін мамандықтар тізбесі:
"Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының төтенше жағдайлар департаменттерінің басшы құрамы" деген бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың төтенше жағдайлар департаменттерінің басшы құрамы";
мынадай мазмұндағы "Қалалық, аудандық (қалалардағы аудандардың) төтенше жағдайлар басқармалары, бөлімдері бойынша" деген бөліммен толықтырылсын:
"
Қалалық, аудандық (қалалардағы аудандардың) төтенше жағдайлар басқармалары, бөлімдері бойынша | |
100100 | Өрт қауіпсіздігі |
072900 | Құрылыс |
073000 | Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларды өндіру |
071800 | Электр энергетикасы |
071700 | Жылу энергетикасы |
071900 | Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар |
073100 | Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау |
060300 | Механика |
070400 | Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету |
070800 | Мұнай-газ ісі |
070200 | Автоматтандыру және басқару |
103100 | Төтенше жағдайларда қорғау |
071300 | Көлік, көлік техникасы және технологиялар |
090900 | Логистика (салалар бойынша) |
073200 | Стандарттау, сертификаттау және метрология |
Әскери мамандықтар |
"; |
"Көкшетау техникалық институты" республикалық мемлекеттік мекемесі бойынша" деген бөлім мынадай мазмұндағы "жоспарлау, үйлестіру және бақылау бөліністері бойынша" кіші бөліммен толықтырылсын:
"
жоспарлау, үйлестіру және бақылау бөліністері бойынша | |
100100 | Өрт қауіпсіздігі |
051000 | Мемлекеттік және жергілікті басқару |
071900 | Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар |
073100 | Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау |
070400 | Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету |
070300 | Ақпараттық жүйелер |
100200 | Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері |
103100 | Төтенше жағдайларда қорғау |
030100 | Заңтану |
030300 | Құқық қорғау қызметі |
Әскери мамандықтар |
"; |
"Көкшетау техникалық институты" республикалық мемлекеттік мекемесі бойынша" деген бөлімдегі "оқу-әдістемелік бөлімі бойынша" деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"
білім сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) бөлімі бойынша | |
100100 | Өрт қауіпсіздігі |
072900 | Құрылыс |
073000 | Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларды өндіру |
071800 | Электр энергетикасы |
071700 | Жылу энергетикасы |
071900 | Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар |
073100 | Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау |
060300 | Механика |
070400 | Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету |
070800 | Мұнай-газ ісі |
070200 | Автоматтандыру және басқару |
073200 | Стандарттау, сертификаттау және метрология |
075100 | Информатика, есептеуіш техника және басқару |
010300 | Педагогика және психология |
020100 | Философия |
020300 | Тарих |
020400 | Мәдениеттану |
020500 | Филология |
012000 | Кәсіби оқыту |
103100 | Төтенше жағдайларда қорғау |
103200 | Азаматтық қорғаныстың командалық-тактикалық күштері |
"; |
"Техникалық, кәсіби және орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"
Техникалық, кәсіби және орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар | |
Мамандық коды | Мамандық атауы |
Жол полициясы бөліністері | |
0201023 | Заң кеңесшісі |
0202013 | Заңгер |
Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану | |
1201023 | Автомобиль көлігінің диспетчері |
1201113 | Электромеханик |
1201123 | Техник-механик |
Тасымалдауларды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару (салалар бойынша) | |
1202063 | Техник |
Техникалық қызмет бөліністері | |
0201023 | Заң кеңесшісі |
0202013 | Заңгер |
Телекоммуникациялық жабдықты және тұрмыстық техниканы жөндеу және қызмет көрсету (салалар бойынша) | |
0502033 | Жабдықты пайдалану және жөндеу жөніндегі техник |
0502043 | Техник-механик |
Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) | |
1304033 | Техник |
1304043 | Техник-бағдарламашы |
1304053 | Ақпаратты қорғау жөніндегі техник |
1304063 | Компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсету жөніндегі техник |
1304073 | Техник-электроник |
Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша) | |
1306083 | Техник |
1306093 | Байланыс технигі |
1306103 | Техник-радиомеханик |
1306113 | Техник-электроник |
1306123 | Техник-радиотехник |
1306133 | Техник-механик |
Электр байланысының және сымдық хабар таратудың желілік құрылыстарын пайдалану | |
1307053 | Техник |
1307063 | Байланыстың желілік құрылыстары мен абоненттік құрылғыларының электромеханигі |
Автоматтандырылған байланыс жүйелерін пайдалану | |
1308033 | Техник |
1308043 | Электромеханик |
1308053 | Техник-электроник |
Оптикалық және электрондық жабдық (түрлері бойынша) | |
1309023 | Техник |
1309043 | Байланыс технигі |
1309053 | Байланыс электромеханигі |
1309063 | Техник-электроник |
Ақпараттық-аналитикалық бөліністер | |
0201023 | Заң кеңесшісі |
0202013 | Заңгер |
1304043 | Техник-бағдарламашы |
1304053 | Ақпаратты қорғау жөніндегі техник |
1304063 | Компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсету жөніндегі техник |
1304073 | Техник-электроник |
1306133 | Техник-механик |
Тылдық қамтамасыз ету бөліністері | |
0201023 | Заң кеңесшісі |
0202013 | Заңгер |
Телекоммуникациялық жабдықты және тұрмыстық техниканы жөндеу және қызмет көрсету (салалар бойынша) | |
0502033 | Жабдықты пайдалану және жөндеу жөніндегі техник |
0502043 | Техник-механик |
Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану | |
1201023 | Автомобиль көлігінің диспетчері |
1201113 | Электромеханик |
1201123 | Техник-механик |
Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану | |
1401213 | Техник-құрылысшы |
1403093 | Техник-сантехник |
Әскери және арнайы жабдықтау бөліністері | |
0201023 | Заң кеңесшісі |
0202013 | Заңгер |
1516013 | Инспектор-өрт сөндіруші |
1517033 | Техник (төтенше жағдайларда қорғау) |
Екінші арнайы бөліністер | |
0201023 | Заң кеңесшісі |
0202013 | Заңгер |
Телекоммуникациялық жабдықты және тұрмыстық техниканы жөндеу және қызмет көрсету (салалар бойынша) | |
0502033 | Жабдықты пайдалану және жөндеу жөніндегі техник |
0502043 | Техник-механик |
Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) | |
1304033 | Техник |
1304043 | Техник-бағдарламашы |
1304053 | Ақпаратты қорғау жөніндегі техник |
1304073 | Техник-электроник |
Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша) | |
1306083 | Техник |
1306093 | Байланыс жөніндегі техник |
1306103 | Техник-радиомеханик |
1306113 | Техник-электроник |
1306123 | Техник-радиотехник |
1306133 | Техник-механик |
Әкімшілік полиция бөліністері | |
0201023 | Заң кеңесшісі |
0202013 | Заңгер |
Саптық бөліністер | |
0201023 | Заң кеңесшісі |
0202013 | Заңгер |
0103013 | Жүзу, дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы |
0103023 | Дене шынықтыру және спорт мұғалімі |
0103033 | Жаттықтырушы-оқытушы |
Тасымалдауларды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару (салалар бойынша) | |
1202063 | Техник |
Патрульдік полиция бөліністері | |
0201023 | Заң кеңесшісі |
0202013 | Заңгер |
Күзет қызметі бөліністері | |
0201023 | Заң кеңесшісі |
0202013 | Заңгер |
0103013 | Жүзу, дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы |
0103023 | Дене шынықтыру және спорт мұғалімі |
0103033 | Жаттықтырушы-оқытушы |
Телекоммуникациялық жабдықты және тұрмыстық техниканы жөндеу және қызмет көрсету (салалар бойынша) | |
0502033 | Жабдықты пайдалану және жөндеу жөніндегі техник |
0502043 | Техник-механик |
Электр станцияларының, кіші станциялар мен желілердің (түрлері бойынша) электр жабдығы | |
0901043 | Техник-электрик |
Электрмен жабдықтау | |
0902043 | Техник-электрик |
Электр энергетикасы | |
0903033 | Техник-энергетик |
Электротехникалық жүйелерді электрмен жабдықтау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу | |
0904033 | Электромеханик |
Энергетикалық көлік қондырғыларын пайдалану | |
0905013 | Электромеханик |
Электр және электрмеханикалық жабдықтар | |
0910043 | Электромеханик |
0910053 | Техник-электрик |
Электр және электромеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу | |
0911013 | Электромеханик |
Электр технологиясы | |
0912013 | Техник-технолог |
Электрондық аспаптар мен құрылғылар | |
1301013 | Техник |
Автоматтандыру және басқару | |
1302033 | Электромеханик |
Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару | |
1303043 | Электромеханик |
Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) | |
1304033 | Техник |
1304043 | Техник-бағдарламашы |
1304053 | Ақпаратты қорғау жөніндегі техник |
1304063 | Компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсету жөніндегі техник |
1304073 | Техник-электроник |
Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша) | |
1306083 | Техник |
1306093 | Байланыс технигі |
1306103 | Техник-радиомеханик |
1306113 | Техник-электроник |
1306123 | Техник-радиотехник |
1306133 | Техник-механик |
Электр байланысының және сымдық хабар таратудың желілік құрылыстарын пайдалану | |
1307053 | Техник |
Автоматтандырылған байланыс жүйелерін пайдалану | |
1308033 | Техник |
1308043 | Электромеханик |
1308053 | Техник-электроник |
Көліктік радиоэлектрондық жабдықтарды техникалық пайдалану | |
1310013 | Жабдықты пайдалану және жөндеу жөніндегі техник |
1310023 | Электромеханик |
1310033 | Техник |
1310043 | Радионавигация, радиолокация және байланыс жөніндегі техник |
1310053 | Техник-электрик |
1310063 | Техник-электроник |
Қылмыстық-атқару жүйесінің жедел бөліністері | |
0201023 | Заң кеңесшісі |
0202013 | Заңгер |
0202012 | Қылмыстық-атқару қызметінің заңгері |
Қылмыстық-атқару жүйесінің режим, қадағалау және күзет бөліністері | |
0201023 | Заң кеңесшісі |
0202013 | Заңгер |
0202012 | Қылмыстық-атқару қызметінің заңгері |
Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) | |
1304033 | Техник |
1304043 | Техник-бағдарламашы |
1304053 | Ақпаратты қорғау жөніндегі техник |
1304063 | Компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсету жөніндегі техник |
1304073 | Техник-электроник |
Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша) | |
1306083 | Техник |
1306093 | Байланыс технигі |
1306103 | Техник-радиомеханик |
1306113 | Техник-электроник |
1306123 | Техник-радиотехник |
1306133 | Техник-механик |
Электр байланысының және сымдық хабар таратудың желілік құрылыстарын пайдалану | |
1307053 | Техник |
1307063 | Байланыстың желілік құрылыстары мен абоненттік құрылғылардың электромеханигі |
Автоматтандырылған байланыс жүйелерін пайдалану | |
1308033 | Техник |
1308043 | Электромеханик |
1308053 | Техник-электроник |
Оптикалық және электрондық жабдық (түрлері бойынша) | |
1309023 | Техник |
1309043 | Байланыс технигі |
1309053 | Байланыс электромеханигі |
1309063 | Техник-электроник |
Қылмыстық-атқару жүйесінің арнайы есепке алу бөліністері | |
0201023 | Заң кеңесшісі |
0202013 | Заңгер |
0202012 | Қылмыстық-атқару қызметінің заңгері |
Қылмыстық-атқару жүйесінің медициналық қызмет бөліністері | |
0301013 | Жалпы практика фельдшері |
0302033 | Жалпы практика медбикесі |
0302043 | Мамандандырылған медбике |
Азаматтық қорғау органдары бойынша | |
Төтенше жағдайлардың алдын алу бөліністері | |
1401213 | Техник-құрылысшы |
1517042 | Құтқарушы |
1517033 | Техник |
Төтенше жағдайларды жою бөліністері | |
1401213 | Техник-құрылысшы |
1517042 | Құтқарушы |
1517033 | Техник |
Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет бөліністері | |
1304033 | Техник |
1401213 | Техник-құрылысшы |
0601013 | Стандарттау технигі |
1310013 | Жабдықты пайдалану және жөндеу технигі |
1418023 | Техник-жобалаушы |
1516013 | Өрт сөндіруші инспектор |
1517042 | Құтқарушы |
1517033 | Техник |
Өрт сөндіруді және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі бөліністер | |
1401213 | Техник-құрылысшы |
0601013 | Стандарттау технигі |
1110033 | Техник-механик (өрт сөндіру техникасы және жабдық бөлімдерінде (бөлімшелерінде, топтарында) көзделген лауазымдарды алмастыру үшін) |
0103023 | Дене шынықтыру және спорт мұғалімі (жауынгерлік және қызметтік даярлау функцияларын жүзеге асыратын лауазымдарды алмастыру үшін) |
0103033 | Спорт жөніндегі жаттықтырушы-оқытушысы (жауынгерлік және қызметтік даярлау функцияларын жүзеге асыратын лауазымдарды алмастыру үшін) |
1516013 | Өрт сөндіруші инспектор |
1517042 | Құтқарушы |
1517033 | Техник |
Әскери-жұмылдыру жұмысы жөніндегі бөліністер | |
1401213 | Техник-құрылысшы |
1301013 | Техник |
Техникалық қызмет және құлақтандыру жөніндегі бөліністер | |
1304033 | Техник |
1304043 | Техник-бағдарламашы |
1304053 | Ақпаратты қорғау жөніндегі техник |
Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөліністер | |
1304033 | Техник |
1304043 | Техник-бағдарламашы |
1304053 | Ақпаратты қорғау жөніндегі техник |
Кадр жұмысы бөліністері | |
0201013 | Заңгер |
0201023 | Заң кеңесшісі |
0103033 | Спорт жөніндегі жаттықтырушы-оқытушысы (жауынгерлік және қызметтік даярлау функцияларын жүзеге асыратын лауазымдарды алмастыру үшін) |
Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы, кәсіби даярлау мектебі, өрт сынақ зертханасы, жасақтар (мамандандырылған), өрт сөндіру бөлімдері (мамандандырылған, оқу), өрт сөндіру бекеттері бойынша | |
1401213 | Техник-құрылысшы |
0601013 | Стандарттау технигі |
1517033 | Техник |
1517042 | Құтқарушы |
1516013 | Өрт сөндіруші инспектор |
"Фельдшер" лауазымдары бойынша | |
Фельдшер лауазымдары педиатрияны, гинекологияны, стоматологияны қоспағанда медициналық білімі бар адамдармен жасақталады |
Ескертпе: техникалық, кәсіби және орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды алмастыруға жататын қатардағы және кіші басшы құрам лауазымдарын нақты лауазым жұмысының бейініне сәйкес келетін мамандықтар бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандармен алмастыруға болады.";
2) "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 870 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14305 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 24 қазанда жарияланған):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары, департаменттері мен дербес басқармаларының бастықтары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың полиция, көліктегі полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, төтенше жағдайлар департаменттерінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ведомстволық бағынысты мекемелері мен оқу орындарының бастықтары Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қызметке кандидаттарды қабылдау кезінде осы бұйрықты қатаң басшылыққа алсын.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі |
Қ. Қасымов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет
істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігінің төрағасы
____________ А. Шпекбаев
2018 жылғы "____" ___________
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 16 қаңтардағы № 28 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 870 бұйрығына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының және ведомстволарының лауазымдары:
1) Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының: экстремизмге қарсы күрес бөлінісінің жедел уәкілі, жоғары технологиялар саласындағы қылмыстарды ашу бөлінісінің жедел уәкілі;
2) Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының: криминалисі, инженері;
3) азаматтық қорғау органдарының бас: маман-психологы, маман-полиграфологы;
4) қатардағы және кіші басшы құрамның лауазымдары.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, көліктегі) аумақтық органдарының лауазымдары:
1) Көші-қон қызметі басқармасының бастығы, тіркеу-емтихан жұмысы бөлімінің бастығы;
2) азаматтық қорғау органдарының бас: маман-психологы, маман-полиграфологы;
3) экстремизмге қарсы күрес бөлінісінің аға жедел уәкілі, жоғары технологиялар саласындағы қылмыстарды ашу бөлінісінің аға жедел уәкілі;
4) криминалист, ревизор, психолог, полиграфолог, барлық атаудағы инженер және инспектор;
5) жедел уәкіл, тергеуші, анықтаушы, криминалист, ревизор, психолог, полиграфолог, барлық атаудағы инженер және инспектор;
6) қатардағы және кіші басшы құрамның лауазымдары.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қалалық, аудандық (қалалардағы аудандардың) аумақтық органдарының лауазымдары:
1) көші-қон қызметі бөлімінің (бөлімшесінің) бастығы, тіркеу-емтихан жұмысы бөлімшесінің бастығы;
2) аға: жедел уәкіл, тергеуші, анықтаушы, криминалист, психолог, полиграфолог, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспектор, маман, барлық атаудағы инженер және инспектор;
3) жедел уәкіл, тергеуші, анықтаушы, криминалист, психолог, полиграфолог, учаскелік полиция инспекторы, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, учаскелік полиция инспекторының көмекшісі, маман, барлық атаудағы инженер және инспектор;
4) қатардағы және кіші басшы құрамның лауазымдары.
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі оқу орындарының лауазымдары:
1) аға: ғылыми қызметкер, оқытушы, оқытушы-әдіскер, барлық атаудағы инженер және инспектор;
2) профессор, доцент, оқу орталығы бастығының көмекшісі, бас маман, ғылыми қызметкер, оқытушы, оқытушы-әдіскер, маман, үрмелі аспаптар оркестрінің жетекшісі, рота командирінің орынбасары, барлық атаудағы инженер және инспектор;
3) рота командирі, взвод командирі;
4) қарауыл бастығы, клуб бастығы, тир бастығы, кабинет бастығы, цикл бастығы;
5) қатардағы және кіші басшы құрамның лауазымдары.
5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мақсаттағы бөліністерінің лауазымдары:
1) шабуылшы, жару технигі, мерген;
2) барлық атаудағы инженер және инспектор;
3) барлық атаудағы маман;
4) қатардағы және кіші басшы құрамның лауазымдары.
6. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі саптық бөліністерінің лауазымдары:
1) барлық атаудағы инженер және инспектор;
2) қатардағы және кіші басшы құрамның лауазымдары.
7. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жол-патрульдік полициясы саптық бөліністерінің лауазымдары:
1) барлық атаудағы аға инспектор;
2) барлық атаудағы инженер және инспектор;
3) қатардағы және кіші басшы құрамның лауазымдары.
8. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мемлекеттік мекемелерінің лауазымдары:
1) азаматтық қорғау органдарының бас: маман-психологы, маман-полиграфологы;
2) аға: жедел уәкіл, диспетчер, барлық атаудағы инженер және инспектор;
3) сотталғандарға арналған аурухана бастығы – дәрігер, жасақ бастығы, учаске бастығы, медициналық бөлімнің бастығы – дәрігер, медициналық бөлімшенің бастығы, медициналық кабинеттің бастығы – дәрігер;
4) сотталғандарға арналған аурухана бастығының орынбасары – дәрігер, мекеме бастығы кезекші көмекшісінің орынбасары;
5) кәсіби даярлау мектебінің оқытушысы, Өңірлік оқу орталығының оқытушысы;
6) жедел уәкіл, дәрігер, фельдшер, барлық атаудағы инженер және инспектор;
7) қатардағы және кіші басшы құрамның лауазымдары.
Ескертпе: ішкі істер органдары өзіндік қауіпсіздік, "Р" және жетінші бөліністерінің бос лауазымдарына орналасуға конкурс өткізілмейді.