"Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 36 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 28 қаңтарда № 18245 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 351 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 17.08.2020 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т.қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 204 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11120 болып тіркелген 2015 жылғы 16 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде және тегін көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабына сәйкес бюджетке жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленеді:

      1) лицензияны беру кезінде төленетін лицензиялық алым 10 (он) айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

      2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде лицензиялық алым – төлеу күніне белгіленген 1 (бір) АЕК;

      3) лицензияның телнұсқаларын беру үшін лицензиялық алым – төлеу күніне белгіленген 10 (он) АЕК.

      Лицензиялық алым төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар немесе "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

      Лицензияға қосымшаны, лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын берген кезде, берілген лицензияда және/немесе лицензияға қосымшада қателер табылған және тиісті түзетулер енгізілген жағдайларда лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны берген кезде мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін ақы алынбайды.

      9-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) іске асырылатын білім беру оқу бағдарламаларына байланысты қосымша мынадай құжаттар ұсынылады:

      бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;

      үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген білім беру ұйымының басшысы бекіткен оқу жұмыс жоспарларының электрондық көшірмелері;

      ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

      негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 3, 4, 5, 6-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;

      үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген білім беру ұйымының басшысы бекіткен оқу жұмыс жоспарларының электрондық көшірмелері;

      ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

      техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;

      техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқытудың толық кезеңін қамтитын мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген, сұратылып отырған мамандықтың оқу жұмыс жоспарының электрондық көшірмелері;

      сұратылып отырған мамандыққа немесе біліктілікке сәйкес оқытудың толық кезеңін қамтитын практикадан өткізу базалары ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың электрондық көшірмелері;

      ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

      орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;

      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқытудың толық кезеңін қамтитын мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген сұратылып отырған мамандықтың оқу жұмыс жоспарының электрондық көшірмелері;

      сұратылып отырған мамандыққа немесе біліктілікке сәйкес оқытудың толық оқу кезеңін қамтитын практикадан өткізу базалары ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың электрондық көшірмелері;

      ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

      діни білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;

      әзірленген және білім беру ұйымының басшысы бекіткен білім беру бағдарламаларының және оқу жоспарларының электрондық көшірмелері;

      діни қызметі саласындағы уәкілетті органдарының оқу әдебиеті қорына берілген дінтану сараптамасының оң қорытындысының электрондық көшірмесі;

      ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

      діни қызметі саласындағы уәкілетті органдарының қорытынды хатының электрондық көшірмесі;

      жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 10, 13-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;

      жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламасының, жұмыс жоспарының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмелері;

      оқытудың толық кезеңін қамтитын сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламаға сәйкес практикадан өткізу базалары ретінде айқындалған ұйымдармен және стратегиялық әріптестік туралы жасалған шарттардың электрондық көшірмелері;

      ғимараттарға (оқу корпусына) және клиникаға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

      "магистр" дәрежесін бере отырып жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының және ғылыми ұйымдардың қызметі үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 3, 4, 5, 6, 9, 13, 14-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;

      жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламасының, оқу жұмыс жоспарының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмелері;

      білім беру немесе ғылыми немесе ғылыми-білім беру ұйымдарымен немесе ғылыми-өндірістік орталықтармен оқытудың толық кезеңін қамтитын ынтымақтастық туралы келісімдердің электрондық көшірмелері;

      оқытудың толық кезеңін қамтитын Техникалық ерекшеліктер мен Жұмыстардың күнтізбелік жоспарымен қоса ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуге арналған ұйымдармен және кәсіпорындармен шарттардың электрондық көшірмелері;

      ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

      практикадан өткізу базалары ретінде айқындалған, оқытудың толық кезеңін қамтитын оның ішінде ғылыми тағылымдамадан өтетін ұйымдармен шарттардың электрондық көшірмелері;

      жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімнің білім беру бағдарламаларын (резидентура) іске асыратын білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметі үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3, 4, 5, 6, 13, 14-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;

      жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламасының клиникалық мамандықтар бойынша оқу жұмыс жоспарының электрондық көшірмелері;

      практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен және стратегиялық әріптестік туралы жасалған оқытудың кезеңін қамтитын шарттардың электрондық көшірмелері;

      ғимараттарға және клиникаға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 3, 4, 5, 6, 13, 14-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;

      жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламасының, оқу жұмыс жоспарының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмелері;

      ғылыми алмасу мәселелерін регламенттейтін келісімдердің электрондық көшірмелері;

      ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

      философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 3, 4, 5, 6, 9, 13, 14-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;

      жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламасының, оқу жұмыс жоспарының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмелері;

      оқытудың толық кезеңін қамтитын Техникалық ерекшеліктер мен Жұмыстардың күнтізбелік жоспарымен қоса ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуге арналған ұйымдармен және кәсіпорындармен шарттардың электрондық көшірмелері;

      оқытудың толық кезеңін қамтитын аккредиттелген шетелдік жоғары оқу орындарымен ғылыми алмасу туралы шарттардың электрондық көшірмелері;

      сұратылып отырған кадрларды даярлау бағытына сәйкес шетелдік жоғары оқу орнының бағдарламаларын аккредиттеу туралы куәліктің электрондық көшірмелері;

      оқытудың толық кезеңін қамтитын сұратылып отырған кадрларды даярлау бағытына сәйкес практика базалары ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың және шетелдік тағылымдамадан өтуге арналған шарттардың электрондық көшірмелері;

      зертханалардың аккредиттеу туралы куәліктерінің электрондық көшірмелері немесе осы зертханалармен жасалған шарттардың электрондық көшірмелері;

      плагиатқа тексерудің компьютерлік бағдарламасының бар екенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

      3) лицензияға қосымшаларды алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мәліметтер нысаны мен электрондық құжаттар.

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын көрсетілетін қызметті алушылар өздері үшін жаңа біліктіліктер бойынша лицензияға қосымшаны алған кезде порталда құжаттарды беру Министрліктің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық білім саласындағы бақылау департаменттерін көрсете отырып, сұратылатын әр біліктілік бойынша жеке жүргізіледі.

      Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын көрсетілетін қызметті алушылар өздері үшін жаңа кадрларды даярлау бағыты бойынша лицензияға қосымшаны алған кезде порталда құжаттарды беру Министрліктің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетін көрсете отырып, сұратылатын әр мамандық бойынша жеке жүргізіледі.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар";

      1, 2, 6, 8, 9, 13, 14-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын,

      7, 11, 12, 15-қосымшалар алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 25 қаңтардағы
№ 36 бұйрығына
1-қосымша
  "Білім беру қызметімен
айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер _______________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Туған жылы мен жері

Жоғары және/немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы мәлімет, маман дығы, диплом бойынша біліктілігі, бітірген жылы

Негізгі жұмыс орны (ұйым ның мекен жайы)

Қосымша жұмыс орны (қоса атқару)

Сотталмағандығы (сотталғандығы) туралы мәлімет*

Санаты, берілген күні, санат берілгені туралы бұйрықтың нөмірі*

Дәрігерлік бақылаудан өткені туралы мәлімет (санитарлық кітаптың болуы)*

Магистр дәрежесі туралы мәлімет (мамандығы, берілген жылы)*

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      кестенің жалғасы

"Философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы

"Бейіні бойынша доктор" немесе "философия докторы (РhD)" дәрежелері туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы

"Ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежелері туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы

"Қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атақтары туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттары мен құрметті атақтары, "Еңбек сiңiрген жаттықтырушы" спорттық атақтары немесе жоғары мен бірінші дәрігерлік санаты туралы мәлімет, берілген жылы

Тану/ нострификациялау туралы куәліктің болуы туралы мәлімет (бар болған жағдайда)

Оқытатын пәні

11

12

13

14

15

16

17








      Білім беру ұйымының басшысы _________________________________________

                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Ескертпе* бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін

  Қазақстан Республикасы
  Білім және ғылым министрінің
  2019 жылғы 25 қаңтардағы
  № 36 бұйрығына
  2-қосымша
  "Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
  2-қосымша
  Нысан

Оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер _______________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)

Р/с №

Кәсіп, кадрларды даярлау бағыты бойынша оқу пәні, қызмет түрі, оқыту және тәрбиелеу бағдарламасының бөлімі

Пәнді оқитын білім алушылардың саны (болжамды жинақталуы)

Оқу әдебиеті (атауы, басылып шыққан жылы, авторлары)

Оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттер (атауы, басылып шыққан жылы, авторлары)*

Саны кемінде 1 дана

1

2

3

4

5

6







Барлығы:

      Білім беру ұйымының басшысы _________________________________________

                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Ескертпе* техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін толтырылады

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 25 қаңтардағы
№ 36 бұйрығына
3-қосымша
  "Білім беру қызметімен
айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
6-қосымша
  Нысан

Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер

Жалпы және пайдалы алаңының ауданы (м2) көрсетілген ғимараттың (құрылыстың) нақты мекенжайы

Жарақтандырылуы туралы мәлеметтер



Атауы мен ауданы көрсетілген аудиториялар, пән кабинеттері*

Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу-тәжірибелік учаскелер, оқу шаруашылыктары, оқу полигондары*

Атауы көрсетілген оқу зертханалары* (м2)

Түрі, саны, шығарылым күні көрсетілген оқу және оқу-зертхана жабдықтарының, техникалық оқу құралдарының тізбесі

Мәжіліс залы, спорт залы (м2)

Компьютерлердің жалпы саны көрсетілген компьютерлік сыныптар

Кітапхана

Кадрларды даярлаудың медициналық бағыты бойынша "Клиникаға дейінгі симуляциялық кабинеттер"*

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      Білім беру ұйымының басшысы _________________________________________

                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Ескертпе* техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін ақпарат сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша немесе біліктілік бөлінісінде беріледі

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 25 қаңтардағы
№ 36 бұйрығына
4-қосымша
  "Білім беру қызметімен
айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
8-қосымша
  Нысан

Цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттердің болуы туралы мәліметтер __________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)

Р/с №

Кәсіп, кадрларды даярлау бағыты бойынша оқу пәні

Атауы, жасалған жылы

Авторлары

1

2

3

4





      Білім беру ұйымының басшысы _________________________________________

                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 25 қаңтардағы
№ 36 бұйрығына
5-қосымша
  "Білім беру қызметімен
айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
9-қосымша
  Нысан

Лицензияланатын кадрларды даярлау бағытына сәйкес алдыңғы деңгей бойынша лицензияның болуы туралы мәліметтер

Р/ с №

Бакалавриат кадрларды даярлау бағытының атауы

Лицензияның нөмірі, берілген күні

Магистратура кадрларды даярлау бағытының атауы*

Лицензияның нөмірі, берілген күні

1

2

3

4

5






      Білім беру ұйымының басшысы _________________________________________

                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдай (қолы)

      Ескертпе* "Философия докторы (PhD)" және "бейіні бойынша доктор" дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін, ақпарат сұратылып отырған кадрларды даярлау бағытының бөлінісінде беріледі

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 25 қаңтардағы
№ 36 бұйрығына
6-қосымша
  "Білім беру қызметімен
айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
13-қосымша
  Нысан

Жұмыс өтілі, ғылыми жарияланымдары мен оқулығы немесе оқу құралы көрсетілген тиісті кадрларды даярлау бағыты бойынша ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер

Р/с №

Ғылыми жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Білімі туралы ақпарат ("ғылым кандидаты" және/немесе "ғылым докторы" ғылыми дәрежесінің және/немесе "бейіні бойынша доктор" және/немесе "философия докторы (РhD)" дәрежесінің болуы туралы мәліметтер, резидентураны бітіргені туралы мәліметтер)

Жұмыс өтілі (ғылыми-педагогикалық, клиникалық)

Жарияланымдар тізбесі

Оқулық немесе оқу құралының атауы

отандық мерзімді басылымдарда

шетелдік мерзімді басылымдарда

халықаралық конференция еңбектерінде

1

2

3

4

5

6

7

8









      Білім беру ұйымының басшысы _________________________________________

                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 25 қаңтардағы
№ 36 бұйрығына
7-қосымша
  "Білім беру қызметімен
айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
14-қосымша
  Нысан

Мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименталдық базалардың болуы туралы мәліметтер*

Ғылыми-зерттеу институтының, клиникалық базасының, ғылыми зертханасының, техникалық паркінің, бизнес-инкубаторының болуы (қажеттісін таңдау)

Орналасқан мекенжайы

Меншік құқығында немесе шарт негізінде

Ескертпе (базаның қызметі туралы қысқаша ақпарат)

1

2

3

4





      Білім беру ұйымының басшысы _________________________________________

                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Ескертпе* ақпарат сұратылып отырған кадрларды даярлау бағытының бөлінісінде беріледі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады