"Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 45 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 29 қаңтарда № 18247 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына (Нормативті – құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16450 тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі 2018 жылы 13 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес салықтық берешекті өтеу туралы хабарламаның нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаның нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органының салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысаны;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздардың есебіне мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімнің нысаны;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздардың есебіне билік етуі шектелген мүлік тізімдемесі актісінің нысаны;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулының нысаны;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес дебиторлардың банктік шоттардағы ақшасына өндiрiп алуды қолдану туралы хабарламаның нысаны;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар есебіне мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің күшін жою туралы шешімнің нысаны;

      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы шешімнің нысаны;

      10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жеке тұлғалардың салықтық берешегі туралы хабарламаның нысаны;

      11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығының нысаны;

      12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес камералдық кедендік тексеру актісінің нысаны;

      13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысаны;

      14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарының тексерілетін тұлғаның объектісіне кіруін қамтамасыз етуден бас тарту туралы хаттаманың нысаны;

      15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес құжаттарды не олардың көшірмесін алу актісінің нысаны;

      16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес тексеру нәтижелері туралы хабарламаға немесе бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымды қараудың қорытындылары туралы хабарламаның нысаны;

      17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес тексеру нәтижелері туралы хабарламаның нысаны;

      18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес нұсқаманың нысаны;

      19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес нұсқамаға қосымша нұсқаманың нысаны;

      20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес салықтық тексеруді жүргізу туралы хабарламаның нысаны;

      21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап таратудың салықтық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезеңде салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің есепке жазылған сомалары туралы хабарламаның нысаны;

      22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламаның нысаны;

      23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысаны;

      24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығару туралы шешімнің нысаны;

      25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес бюджеттен қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растау бойынша салықтық тексеру актісіне қорытындының нысаны;

      26) осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің салық органдарынан келіп түскен тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштен мәліметтерді мемлекеттік кірістер органының алуы туралы хабарламаның нысаны;

      27) осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес салық есептілігін кері қайтарып алуға мемлекеттік кірістер органдары шешімінің нысаны;

      28) осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы хабарламаның нысаны;

      29) осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде салықтық есептіліктің ұсынылмауы туралы хабарламаның нысаны;

      30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің тұрған жерін (жоқтығын) растау туралы хабарламаның нысаны;

      31) осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес салық талабының нысаны;

      32) осы бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес бақылауды тағайындау туралы шешімнің нысаны;

      33) осы бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес бақылауды тағайындау туралы шешімге қосымша шешімнің нысаны;

      34) осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы талап нысаны;

      35) осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары туралы хабарламаның нысаны;

      36) осы бұйрыққа 36-қосымшаға сәйкес дара кәсіпкерлерге арналған арнайы салық режимін қолдануға патенттің нысаны;

      37) осы бұйрыққа 37-қосымшаға сәйкес салық режимін қолдану туралы хабарламаның нысаны;

      38) осы бұйрыққа 38-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органы есептеген салықтар сомасы туралы хабарламаның нысаны;

      39) осы бұйрыққа 39-қосымшаға сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мәліметтері негізінде қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақының есептелген сомасы туралы хабарламаның нысаны;

      40) осы бұйрыққа 40-қосымшаға сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытындының нысаны бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген нұсқама нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген ішінара салықтық тексеруді жүргізу туралы хабарламаның нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 24 қаңтардағы
№ 45 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 8 ақпандағы
№ 146 бұйрығына
18-қосымша
  Нысан

      ______________________                                    20__жылғы "___"_______
      (мемлекеттік кірістер органының                                    (тіркелген күні)
      атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі)

_________________________________________ облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқарма Тексеру тағайындау туралы акт ____ жылғы "__" _____________ № ______________ ТІРКЕЛДІ қолы ____________________________________________________

  Тексеруді тіркеудің дұрыстығын
www.pravstat.prokuror.kz,
сайтында, немесе 1012 нөмірі
бойынша смс-хабарлама
жіберіп, немесе 115 нөмірі
бойынша Call-центр хабарласып
тексеруге болады.

№ ____нұсқама

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) 148-бабына және "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 418-бабына сәйкес:

      1. ______________________________________________________________________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы, мемлекеттік

                                    кірістер органының атауы)

      _____________________________________________ тексеру жүргізу тапсырылады.

      2. салық төлеушінің (салық агентінің)/тексерілетін тұлғаның толық атауы

      _______________________________________________________________________

      (оның ішінде тексерілетін субъекті басшысының тегі және қысқаша аты-жөні)

      3. жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі

      _______________________________________________________________________

      4. тексеру түрі және нысаны

      _______________________________________________________________________

      (кешенді, тақырыптық, қарсы тексеру, хронометраждық зерттеу,

      (тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша

      жүргізілетін салықтық тексерулер/жоспардан тыс) көшпелі кедендік

      тексеру, қарсы жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеру)

      5. тағайындалған тексеру мәселесі/мәні* ____________________________________

      _______________________________________________________________________

      6. тексеру кезеңі: 20__ жылдан "__"______ бастап 20__ жыл "__"______ дейін.

      7. тексерілетін аумақ учаскесі және тексеру барысында анықтауға жататын

      мәселелер**: ___________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      8. тексеру мерзімі нұсқама тапсырылған күннен бастап "__" жұмыс/күнтізбелік

      күн***

      9. тексеру 20__жылдан "__" _______ бастап 20__жылғы "__" ________ дейін****

      тоқтатылды.

      10. тексеруді жүргізуге мына мамандар тартылсын ____________________________

      _______________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы, ұйымның атауы)

      11. Кодекстің 418-бабының 10-тармағымен көзделген көшпелі кедендік тексеруді

      тағайындау үшін негіздер, сондай-ақ оның міндетті талаптары тексеруге жататын

      нормативтік құқықтық актілер**** _________________________________________

      _______________________________________________________________________

      ___________________________________ _____________ _____________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы) (М.О. қолы/ (тегі, аты, әкесінің аты

                                                немесе ЭЦҚ*****) (ол болған жағдайда))

      Салық төлеушінің (салық агентінің)/тексерілетін тұлғаның нұсқамамен танысқаны және оны (көшірмесін) алғаны туралы белгісі.

      20__жылғы "__" __________                               _________________

                                                                  (қолы)

      уақыты: ___ сағат ___ минут

      Ескертпе:

      Нұсқама мемлекеттік кірістер органы хатының фирмалық бланкісінде ресімделеді;

      * - көшпелі кедендік тексеру мәнін толтыру кезінде "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 416-бабының 6-тармағын басшылыққа алады;

      ** - көшпелі кедендік тексеру жүргізу кезінде толтырылмайды;

      *** - Салық кодексінің 431-бабы 3-тармағының төртінші абзацында көзделген мерзімді сақтай отырып белгіленген қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексеруді және көшпелі кедендік тексеруді тағайындау кезінде тексеру мерзімдері күнтізбелік күнмен есептеледі;

      **** - көшпелі кедендік тексеру жүргізу кезінде толтырылады;

      ***** - Салық кодексінің 148 бабының 4 тармағына сәйкес нұсқама Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес салық органының уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылуы мүмкін.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 24 қаңтардағы
№ 45 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 8 ақпандағы
№ 146 бұйрығына
20-қосымша
  нысан
  Салық төлеушінің
(салық агентінін)
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
жағдайда) немесе толық атауы
____________________________
____________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі/
бизнес-сәйкестендіру нөмірі
____________________________
Тұрғылықты жерінің немесе
орналасқан жерінің мекенжайы
____________________________
____________________________

Салықтық тексеру жүргізу туралы хабарландыру

      20__ жылғы "___" ________                                    № _____

_____________________________________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) 147-бабына сәйкес Сізді тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулер бойынша келесі нысанда:

      1) салықтар, бюджетке төленетін төлемдер мен әлеуметтік төлемдердің барлық түрлері бойынша салықтық міндеттемелерді орындау мәселесі бойынша кешенді тексеріс жүргізу туралы;

      2) келесі сұрақтар бойынша:

      салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің жекелеген түрлері бойынша салықтық міндеттемені орындау;

      әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстап қалу мен аударудың толықтығы және уақытылы болуы;

      банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Салық кодексінде, сондай-ақ 2003 жылғы 25 сәуірдегі "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" және 2013 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", 2015 жылғы 16 қарашадағы "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген міндеттерді орындауы;

      трансферттік баға белгілеу;

      акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын, сондай-ақ авиациялық отынның, биоотынның, мазуттың айналымын мемлекеттік реттеу;

      салық төлеуші мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау;

      сот жасалуын іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жүзеге асырылды деп таныған шот-фактура жазып беру жөніндегі әрекет (әрекеттер) бойынша салықтық міндеттемені айқындау;

      халықаралық шарттардың (келісімдердің) ережелерін қолдаудың құқыққа сыйымдылығы;

      қосылған құн салығының асып кету сомаларының, оның ішінде қайтару ұсынылған соманың анықтығын растау;

      бейрезидент қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шартың ережелерін қолдануға байланысты бюджеттен қайтаруды ұсынған табыс салығын растау;

      Салық кодексінің 115-бабында айқындалған тәртіппен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы мемлекеттік кірістер органдарының хабарламасын салық төлеушінің (салық агентінің) орындамауы мәселелері бойынша тақырыптық тексеру жүргізілетіні туралы хабарлайды.

      Салық тексеруін жүргізу үшін Сіз мынадай құжаттарды: бухгалтерлік құжаттамаларды, салық нысандарын, салықтық есепке алу саясатын, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салық міндеттемелерін есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттарды беруіңіз қажет.

      Салық тексеруін жүргізу кезінде Сіз Салық кодексінде көзделген құқықтарға иесіз және салық төлеушінің (салық агентінің) міндеттерін орындауға міндеттісіз.

      Салық кодексінің 187-бабына сәйкес осы хабарландырумен келіспеген жағдайда, салық төлеуші және салық агенті мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органына немесе сотқа шағымдануға құқылы.

      Мемлекеттік органның басшысы

      (басшының орынбасары) _____________________________________________

                              (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағыдайда), қолы, мөрі)

      Хабарландыруды алдым ______________________________________________

                              (салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты,

                              әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы, күні)

      Хабарландыру салық төлеушіге

      (салық агентіне) тапсырылды __________________________________________

                              (мемлекеттік органның лауазымды тұлғасының тегі,

                              аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы, күні)

      Хабарландыру салық төлеушіге

      (салық агентіне) жіберілді ____________________________________________

                              (жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)

      Ескерту:

      салық төлеушіні (салық агентін) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулер кешенді және (немесе) тақырыптық тексеру жүргізу туралы хабарландыру кезінде торкөзде тиісті тексеру жүргізу мәселесі белгіленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады