"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің бейіндік пәндері көрсетілген мамандықтар тізбесін және кешенді тестілеудің жалпы бейіндік және бейіндік пәндері көрсетілген мамандықтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 198 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15186 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 8 маусымда жарияланған);
2) "Ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің бейіндік пәндері көрсетілген мамандықтар тізбесін және кешенді тестілеудің жалпы бейіндік және бейіндік пәндері көрсетілген мамандықтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 198 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 7 наурыздағы № 89 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16644 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 3 сәуірде жарияланған).
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Е. Сағадиев |