"Номиналды ұстаушылардың электрондық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 27 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 17 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 ақпанда № 18289 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Номиналды ұстаушылардың электрондық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы №27 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13310 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы қаулымен бекітілген Номиналды ұстаушылардың электрондық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларында:

      2-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) брокердің сауда платформасы – қор биржасының сауда жүйесінде және (немесе) халықаралық бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдарымен операциялар туралы, қор биржасының сауда жүйесінде шетел валютасымен операциялар (қолма-қол емес шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға қатысты), клиенттің бағалы қағаздарының портфелі және өзге де қаржы құралдары туралы ақпарат, өзге де ақпарат алуды, сондай-ақ клиентке электрондық көрсетілетін қызметтерді ұсынуды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерін қоса алғанда, брокердің бағдарламалық және техникалық құралдарының жиынтығы;";

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) сауда операциясы – брокер клиенттің тапсырмасына сәйкес мыналар бойынша жүзеге асыратын операция:

      қор биржасының сауда жүйесінде және (немесе) халықаралық бағалы қағаздар нарығында брокердің сауда платформасы арқылы жүзеге асырылатын қаржы құралдарын сатып алу немесе сату;

      қор биржасының сауда жүйесінде брокердің сауда платформасы арқылы жүзеге асырылатын қолма-қол емес шетел валютасын сатып алу немесе сату;

      клиенттің шотынан (шотына) ақшаны есептен шығару (есепке алу);";

      10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) сауда операцияларын жүзеге асыру кезінде мазмұны Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9249 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларымен, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібімен (бұдан әрі - № 9 Қағидалар) белгіленген деректемелерден тұратын клиенттік тапсырмаларды қалыптастыруды;";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Сауда операциясын, жеке шот бойынша операцияларын орындау кезінде брокердің сауда платформасы клиентке Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген негіздемелер бойынша осы операцияларды жасаудан бас тарту туралы хабарлама, оның ішінде мынадай талаптар орын алған кезде:

      1) жеке шоттан есептен шығарылуы тиіс бағалы қағаздар саны, олар бойынша есеп айырысулар оларды жасасқан күні жүзеге асырылатын бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша осы шоттағы бағалы қағаздардың санынан артады;

      2) клиенттің шотындағы ақша сомасы олар бойынша есеп айырысулар оларды жасасқан күні жүзеге асырылатын бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша сауда операцияларын жасау үшін жеткіліксіз;

      3) есептен шығарылуы тиіс бағалы қағаздар, ауыртпалық түсірілген және (немесе) оқшауланған;

      4) қор биржасының сауда жүйесінде қолма-қол емес шетел валютасын сатып алу немесе сату жөніндегі мәмілелер № 9 Қағидалардың 63-4-тармағында көзделген сатып алынатын қолма-қол емес шетел валютасымен толық алдын ала ақы төлеу немесе сатылатын қолма-қол емес шетел валютасымен алдын ала жеткізу талаптарына сәйкес келмейді;

      5) қор биржасының сауда жүйесінде қолма-қол емес шетел валютасын сатып алу немесе сату лимиттері № 9 Қағидалардың 63-5-тармағында белгіленген лимиттерге сәйкес келмейді;

      6) шартта көзделген өзге талаптар кезінде бас тарту туралы хабарлама береді.".

      2. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады