Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің химиялық өнімді тіркеу және есепке алу мәселелері бойынша кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 15 ақпандағы № 83 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 ақпанда № 18326 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 520 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 11367 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) "Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 16 маусымдағы № 694 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тiркеу тізілімінде № 11737 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 тамызда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу тәртібі";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу үшін өтінім беруші (өндіруші, жеткізуші, импорттаушы) мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация):

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша химиялық өнімді тіркеуге арналған өтініш;

      Заңның 15-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетін химиялық өнімнің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қауіпсіздік паспорттары;

      2) порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының электронды сандық қолтаңбасымен куәландырылған, осы Қағидаларда 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысаны бойынша химиялық өнімді тіркеуге арналған өтініш;

      Заңның 15-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетін химиялық өнімнің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қауіпсіздік паспорттарының электрондық көшірмелері.";

      8-1 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-1. Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттар тізбесін, осы Қағидалардың 7 тармағына сәйкес тексереді.

      Құжаттар тізбесінің толық емес фактісі анықталған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Уәкілетті орган құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда уәкілетті орган көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарастырудан дәлелді бас тарту жауабын береді.

      9. Уәкілетті орган өтініш келіп түскен күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні мерзімінде құжаттарды қарастырады және химиялық өнімді тіркеу туралы шешім қабылдайды не осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген жағдайда және негiздер бойынша химиялық өнімді тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде өтінішті қабылдау күні және нәтижесін беру күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Бас тартылған жағдайда, уәкілетті орган өтінім беруші (өндіруші, жеткізуші, импорттаушы) ұсынған барлық құжаттарды қайтарады және оны бас тарту себебін хабардар етеді.";

      2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      2019 жылғы 5 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      2019 жылғы 6 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      2019 жылғы 9 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      2019 жылғы 5 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

      2019 жылғы 5 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрiнiң
2019 жылғы 15 ақпандағы
№ 83 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестиция және даму
министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 520 бұйрығымен
бекітілген

"Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1 - тарау. Жалпы ережелер

      1. "Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Mинистрліктің Инвестициялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

      2) www.еgov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) Мемлекеттік корпорация арқылы, сондай-ақ порталға өтініш берілген кезде - 5 (бес) жұмыс күні;

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде өтінішті қабылдау күні және нәтижесін беру күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

      2) Мемлекеттік корпорацияға құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут;

      3) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың тізбесін, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағының 1) тармақшасына сәйкес тексереді.

      Құжаттар тізбесінің толық емес фактісі анықталған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарастырудан дәлелді бас тарту жауабын береді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Химиялық өнімді тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік) немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

      Куәлікті қағаз тасығышта алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен расталады.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіде - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      2) Мемлекеттік корпорация - белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда түскі үзіліссіз сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;

      3) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызмет алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес демалыс және мереке күндері немесе жұмыс күні аяқталғаннан кейін жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын қосымшаға сәйкес нысан бойынша химиялық өнімді тіркеуге арналған өтініш;

      "Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 15-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетін химиялық өнімнің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қауіпсіздік паспорттары;

      2) порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының электронды сандық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭСҚ) куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысаны бойынша химиялық өнімді тіркеуге арналған өтініш;

      Заңның 15-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетін химиялық өнімнің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қауіпсіздік паспорттарының электрондық көшірмелері.

      Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын, лицензия туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтерін "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      1) Мемлекеттік корпорацияға - құжаттардың топтамасын қабылдау уақыты мен күнін көрсете отырып, қолхат қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

      2) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күнді көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылдануы туралы мәртебе көрсетіледі.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің "Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабымен белгіленген, талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорация және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт Тауэр" ғимараты, № 1711 кабинет, телефоны: 8 (7172) 75-48-62 мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт Тауэр" ғимараты, № 1013 кабинет, телефоны: 8 (7172) 983311 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысының атына жолданады.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және Министрліктің кеңсесінде шағымның қабылданғанын растау оны тіркеу (шағымдың екінші данасында немесе шағымдаға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады) болып табылады.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" көрсетілетін қызметті беруші өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңарып тұратын шағым туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрлік: www.miid.gov.kz;

      2) Көрсетілетін қызметті беруші: www.comprom.gov.kz;

      3) Мемлекеттік корпорация: www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуына мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75 48 89, 75 48 91. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Химиялық өнімдерді тіркеу
және есепке алу" мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша
Нысан
  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрлігінің
Индустриялық даму және
өнеркәсіптік қауіпсіздік
комитеті
____________________________
(мемлекеттік көрсетілетін
қызметті алушының толық
атауы)
  Мекенжайы _________________
(индекс, қала, аудан, облыс,
көше, үйдің №, телефон)
Көрсетілетін қызметті
алушының деректемелері
____________________________
(ЗТ/ДК мемлекеттік тіркеу
туралы куәлік №, БСН, ЖСН)

Химиялық өнімді тіркеуге арналған өтініш

      ________________________________________________________________________________

      химиялық өнімді тіркеу туралы куәлік беруді сұраймыз.

      Қағаз тасығышта ______ (егер, күәлікті қағаз тасығышта алу керек болған жағдайда, Х таңбасын қояды)

      Қосымша: ____ парақта.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметті пайдалануға келісемін

      20___ жылғы "___"___________ _____________ (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің 2019 жылғы
15 ақпандағы № 83 бұйрығына
2-қосымша
  Химиялық өнімді тіркеу
және есепке алу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрлігінің
Индустриялық даму және
өнеркәсіптік қауіпсіздік
комитеті
  ____________________________
  (мемлекеттік көрсетілетін
қызметті алушының толық
атауы)
Мекенжайы _________________
(индекс, қала, аудан, облыс,
көше, үйдің №, телефон)
Көрсетілетін қызметті
алушының деректемелері
____________________________
(ЗТ/ДК мемлекеттік тіркеу
туралы куәлік №, БСН, ЖСН)

Химиялық өнімді тіркеуге арналған өтініш

      __________________________________________________________________________

      химиялық өнімді тіркеу туралы куәлік беруді сұраймыз.

      Қағаз тасығышта ______ (егер, күәлікті қағаз тасығышта алу керек болған жағдайда, Х таңбасын қояды)

      Қосымша: ____ парақта.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметті пайдалануға келісемін

      20___ жылғы "___"___________ _____________ (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады