"Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының топографиялық және арнайы карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 3 маусымдағы № 46 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2019 жылғы 4 наурыздағы № 12/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 6 наурызда № 18369 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын топографиялық және арнайы карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының2015 жылғы 3 маусымдағы № 46 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11558 тіркелген,"Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын топографиялық және арнайы карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормаларында:

      2-бағанда:

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласында емханасы бар орталық әскери госпиталі (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласында емханасы бар өңірлік әскери госпиталі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтау қаласында емханасы бар өңірлік әскери госпиталі)";

      реттік нөмірі 11-жол алынып тасталсын;

      ескертпеде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бір номенклатуралық парақ даналарының тиісті саны көрсетілмеген Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары топографиялық және арнайы карталармен ҰҚК Астана қаласында емханасы бар орталық әскери госпиталі үшін қарастырылған нормалар бойынша қамтамасыз етіледі".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қаржылық, материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз ету қызметінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде, оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
К. Мәсімов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі Ә. Смайылов

      _______________________

      2019 жылғы "___" ________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады