РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларын, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14317 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 қарашадағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларын, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруда:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тестілеу "Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы" Акционерлік қоғамының қызметшісі болып табылатын тестілеу операторының (бұдан әрі – оператор) қатысуымен өткізіледі.";
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Тестілеу басталғанға дейін оператор тестіленуші адамдар үшін тестілеу бойынша нұсқаулық өткізеді және оларда туындаған сұрақтарға жауап береді.
12. Тестілеу өткізу басталғанға дейін өзін нашар сезінген кандидаттар ол туралы операторға хабарлайды. Бұл жағдайда ол осындай кандидаттарды тестілеу осы күнгі басқа уақытта немесе тестілеу кестесіне сәйкес басқа күні өткізіледі.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Тестіленуші кандидат осы Қағидалардың 16-тармағының талаптарын бұзған жағдайда, оператор осындай кандидаттың тестілену процесін тоқтатады және оны тестілеу үшін арналған үй-жайдан шығарып жібереді.
Бұл ретте оператор бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларын, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруды бұзу туралы актіні (бұдан әрі – бұзу туралы акт) толтырады.";
22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Кандидат тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес тестілеудің нәтижесін алған жағдайда осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден өту туралы сертификат қалыптастырылады.
Тестілеудің бірінші бағдарламасы бойынша тестілеу нәтижелері екінші үшінші және төртінші тестілеу бағдарламаларына жататын құқық қорғау қызметінің лауазымдар санатына жарамды.
Тестілеудің екінші бағдарламасы бойынша тестілеу нәтижелері екінші үшінші және төртінші тестілеу бағдарламаларына жататын құқық қорғау қызметінің лауазымдар санатына жарамды.
Тестілеудің үшінші бағдарламасы бойынша тестілеу нәтижелері үшінші тестілеу бағдарламасына жататын құқық қорғау қызметінің лауазымдар санатына жарамды.
Тестілеудің төртінші бағдарламасы бойынша тестілеу нәтижелері үшінші және төртінші тестілеу бағдарламаларына жататын құқық қорғау қызметінің лауазымдар санатына жарамды.";
23. Тестілеу нәтижелері оның өткізілген күнінен бастап бір жылдың ішінде жарамды.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Кандидаттар осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеудің нәимжелерін электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда "электрондық үкімет" веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгіну арқылы ала алады.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу олардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуді аяқтағаннан кейін жиырма минуттан кешіктірілмей жүргізіледі. Бұл ретте, жеке қасиеттерін бағалау тестілеуіне тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелерін алған кандидаттар жіберіледі.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес тестілеу нәтижелерін алған және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге осы Қағидалардың 27-тармағында белгіленген мерзімде келмеген кандидаттар жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге осы Қағидалардың 7-тармағында белгіленген тәртіпте қатысуға жіберіледі.";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Кандидаттың жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесінде осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша қорытынды қалыптастырылады.
Кандидаттың жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша қалыптастырылған қорытындылары тестілеу өткізілген күннен бастап бір жыл ішінде жарамды.";
34-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Кандидаттың апелляциясы қанағаттандырусыз қалдырылған жағдайда оған тестілеуді қайта тапсыруға тестілеу өткізілген күннен бастап бір айдан кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.";
3, 4, 5, 6, 7 және 10-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
8-қосымша алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап, күнтізбелік он күн ішінде, оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық, осы бұйрықтың 2019 жылғы 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он тоғызыншы, жиырма бірінші, жиырма үшінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы және отызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы |
А. Шпекбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламалары
1) бірінші бағдарлама C-GP-1, C-AGP-1, C-GP-2, C-AGP-2, C-GP-3, C-AGP-3, C-GP-4, C-AGP-4, C-GP-5, C-AGP-5, C-GP-6, C-AGP-6, C-OGP-2, C-OGP-3, C-OGP-4, C-OGP-5, C-OGP-6, C-OGP-7, C-OGP-8, C-RGP-1, C-RGP-2, C-RGP-3, C-RGP-4, C-RGP-5, С-SVО-8, С-SVR-7, C-SVU-8, C-SVU-9, C-SVU-10, C-SVU-12, C-SGU-5, C-SGU-7, В-PK-1, В-PK-2, В-PK-3, В-PKО-1, В-PKО-2, В-PKО-3, С-FM-2, С-FM-3, С-FM-4, С-FMО-1, С-FMО-2, С-FMО-3, С-FMО-4 санаттағы құқық қорғау қызметінің лауазымдарына арналған және келесіні қамтиды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;
Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" (15 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) білуге арналған тестілер.
Бірінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (135 сұрақ) кем дегенде 95 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Бірінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 110 минутті құрайды.
2) екінші бағдарлама С-SV-8, С-SV-10, С-SVО-3, С-SVО-5, С-SVО-7, С-SVО-9, С-SVR-4, С-SVR-5, С-SVR-8, C-SVU-13, C-SVU-14, C-SGU-11, C-SGU-12, C-SGU-13, В-PK-4, В-PK-5, В-PK-6, В-PK-7, В-PK-8, В-PKО-4, В-PKО-5, В-PKО-6, В-PKО-7, В-PKО-8, С-FM-5, С-FM-6, С-FMО-5, С-FMО-6 санаттағы құқық қорғау қызметінің лауазымдарына арналған және келесіні қамтиды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;
Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) білуге арналған тестілер.
Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (105 сұрақ) кем дегенде 63 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 90 минутті құрайды.
3) үшінші бағдарлама C-SV-12, C-SV-13 санаттағы құқық қорғау қызметінің лауазымдарына арналған және келесіні қамтиды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;
Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) білуге арналған тестілер.
Үшінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (45 сұрақ) кем дегенде 21 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Үшінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 40 минутті құрайды.
4) төртінші бағдарлама C-GP-1, C-AGP-1, C-GP-2, C-AGP-2, C-GP-3, C-AGP-3, C-GP-4, C-AGP-4, C-GP-5, C-AGP-5, C-GP-6, C-AGP-6, C-OGP-2, C-OGP-3, C-OGP-4, C-OGP-5, C-OGP-6, C-OGP-7, C-OGP-8, C-RGP-1, C-RGP-2, C-RGP-3, C-RGP-4, C-RGP-5, С-SVО-9, С-SVR-8, C-SVU-13, C-SVU-14, C-SVU-15, C-SGU-8, C-SGU-11, C-SGU-12, C-SGU-13, C-SSP-7, C-SSP-8, C-SN-5, C-SN-7, C-SN-8, В-РК-3, В-РК-4, В-РК-5, В-РК-6, В-РК-7, В-РК-8, В-РКО-3, В-РКО-4, В-РКО-5, В-РКО-6, В-РКО-7, В-РКО-8 санаттағы құқық қорғау қызметінің заңгерлік мамандық бойынша тиісті білімнің бар болуын талап етпейтін лауазымдарына арналған және келесіні қамтиды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;
Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) білуге арналған тестілер.
Төртінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (75 сұрақ) кем дегенде 35 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Төртінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 60 минутті құрайды.
Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастыруды бұзу туралы АКТ
20__ ж. "___" _____________ сағат ______ мин.
Тестілеу операторы___________________________________________________
(оператордың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Кандидаттың ________________________ ЖСН ________________________
(кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларын,
бағдарламаларын және оны ұйымдастырудың 16-тармағын бұзу фактісі анықталды:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(Ереже бұзудың қысқаша сипаты)
Тестілеу операторының қолы:_____________________________________
Актімен таныстым:
_________________________________________________________________
(жоғарыда аталған бұзушылыққа жол берген кандидаттың қолы, тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)). Жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген кандидаттың
осы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда – тиісті жазба)
_________________________________________________________________
(жоғарыда аталған бұзушылыққа жол берген кандидаттың осы актіге қол қоюдан бас
тартқанын растайтын басқа адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),
ЖСН)
Тестілеу рәсімін тоқтату туралы акті
Күні ____________ж. қала_________________
Біз, төменде қол қойғандар, тестілеу рәсімін тоқтату туралы осы актіні
20__ жылғы "___" __________ ___ сағ. ___мин.
байланыс ақауының
компьютерлік техника ақауының
тоқ қуаты ақауының
өзге де себептің салдарынан жасадық.
Тестілеуді тоқтату себебі бойынша қосымша ақпарат:___________________
_________________________________________________________________
Тестілеу келесі адамдарға қатысты тоқтатылды:
1. | Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | ЖСН | Қолы |
Тестілеу залы операторның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) мен қолы:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден өту туралы СЕРТИФИКАТ
________________________________________ |
| |||
Тест атауы | Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны | Тестілеуді өту мәні | Дұрыс жауаптардың саны | |
ҚОРЫТЫНДЫ |
Сертификаттың қолданылу мерзімі тестілеу өткен күннен бастап бір жыл болып
табылады.
Осы сертификат құқық қорғау қызметінің_______________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________ санаттарына жарамды.
Тестілеу операторының қолы: _________________________________
"___" ___________________ 20 __ ж.
М.О.
Тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы АНЫҚТАМА
___________________________________________________ | ||||
Тест атауы | Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны | Тестілеуді өту мәні | Дұрыс жауаптардың саны | |
ҚОРЫТЫНДЫ |
Осы кандидат қайта тестілеуді осы тестілеу өткізілген күннен бастап бір айдан кем емес
мерзімнен кейін өте алады.
Тестілеу операторының қолы: __________________________________
М.О. "___" ___________________ 20 __ ж.
Кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу нәтижесі бойынша қорытынды
|
Қатерлі аймақ – бұл үміттенген лауазымда қызмет ету үшін жеке қасиеттерін көрсету деңгейінің жеткіліксіздігінің сипаттамасы.
Қорытынды қолданылу мерзімі жеке қасиеттерді бағалауды өткен күннен бастап бір жыл болып табылады.
Тестілеу операторының қолы: __________________________________
М.О. "___" ___________________ 20 __ ж.